Жаңалықтар

Бос орындар жәрмеңкесі
Бос орындар жәрмеңкесі
12 February 2026
2026 жылғы 10 ақпанда Қарағанды медицина университетінде Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуымен ауқымды Бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Іс-шара болашақ мамандар мен өңір жұмыс берушілері арасындағы кәсіби өзара іс-қимылдың маңызды алаңына айналды. Жәрмеңкеге Қарағанды облысының 10-нан астам медициналық ұйымы және бітіруші курс студенттерінен 400-ден астам түлек қатысты. Қонақтар қатарында облыстық денсаулық сақтау жүйесінің басшылары, медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері және кадр қызметтерінің өкілдері болды.
Университет әкімшілігі атынан құттықтау сөзді клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Абатов Нұрқаси Төлепбергенұлы сөйледі. Ол өз сөзінде мамандық таңдаудың маңыздылығын атап өтіп, түлектердің жоғары деңгейде дайындалғанына сенім білдіріп, кәсіби жолдарының сәтті басталуына тілектестік білдірді.



Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы атынан басқарма басшысының орынбасары Оспанова Лейла Темірбайқызы және медициналық кадрларды үйлестіру бөлімінің басшысы Қуанышова Бахитгүл Қыдырманқызы баяндама жасады. Олар өңірдегі кадрлық жағдайға жан-жақты тоқталып, сұранысқа ие медициналық мамандықтарды атап өтті, денсаулық сақтау саласының басым бағыттарын таныстырды, сондай-ақ түлектерге қолжетімді бос жұмыс орындары туралы ақпарат берді. Ерекше назар еңбек жағдайларына, мемлекеттік және әлеуметтік қолдау шараларына, сондай-ақ жас мамандарды медициналық ұйымдарда кәсіби тұрғыда бекіту мүмкіндіктеріне аударылды.
Медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері мен өкілдері өз мекемелеріндегі жұмыс ерекшеліктері, кәсіби және мансаптық өсу перспективалары, тәлімгерлік бағдарламалар мен жас мамандарды жұмыс орнына бейімдеу жүйесі туралы баяндады. Болашақ дәрігерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын тікелей қойып, жұмыс кестесі, жүктеме деңгейі, біліктілікті арттыру мүмкіндіктері және кәсіби дамудың бағыттары жөнінде ақпарат алды.



Ашық диалог барысында жас мамандарды әлеуметтік қолдау мәселелері де талқыланды. Атап айтқанда, қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, көтерме төлемдер беру, өңірлік қолдау бағдарламаларына қатысу және өзге де ынталандыру шаралары сөз болды.
Бос орындар жәрмеңкесі университет пен өңірдің медициналық ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын тиімді коммуникациялық алаңға айналды. Түлектер жұмысқа орналасу перспективалары туралы нақты әрі өзекті ақпарат алып, кәсіби қызметін бастайтын өңірді таңдауда саналы шешім қабылдауға мүмкіндік алды.
Қарағанды медицина университеті алдағы уақытта да түлектердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге, өңірлермен серіктестік байланыстарды дамытуға және денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған осындай іс-шараларды өткізуді жалғастырады.


707

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026
Жарияланды: 21.03.2026
-
Жарияланды: 08.03.2026
.