Жаңалықтар

Қарағанды медицина университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің 51-ші спартакиадасы
Қарағанды медицина университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің 51-ші спартакиадасы
16 January 2026

2026 жылдың 13-16 қаңтар аралығында Қарағанды медицина университетінде профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында дәстүрлі 51-ші Спартакиадасы өтті.


Спартакиада жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қатысушыларға волейбол, футбол, үстел ойындары, дартс, үстел теннисі, эстафеталар, шаңғы жарысы, арқан тартыс сияқты түрлі жарыстарда өздерінің спорттық жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Барлық жарыстар достық жағдайда, бәсекелестерге құрметпен және жеңіске деген үлкен ықыласпен және өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсетумен өтті.


Қатысушылар төрт күндік тартысты бәсекеде өздерінің ең жақсы спорттық қасиеттерін көрсетті. Олардың табандылығы, спорттық төзімділігі, жігері және командалық рухы жарысты шынымен де жарқын және есте қаларлықтай етті.


Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды, сонымен қатар спортшылар да ұзақ уақыт белсенді қатысқаны үшін марапатталды.


Байқау қорытындысы бойынша қорытынды кесте келесідей бөлінді:

I орын - команда «TEMPEST»

II орын- команда «АЛЬЯНС»

III орын-команда «ЖЕҢІС»

IV орын-команда «ПРЕСТИЖ»

Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Сіздердің спорттық рухыңыз бен жеңіске деген құлшынысыңыз әрқашан сіздерге серік болсын! Сіздерге алдағы уақытта да табыс, жаңа спорттық жеңістер және зор денсаулық тілейміз!

Физикалық денсаулық орталығы



2080

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026
Жарияланды: 21.03.2026
-
Жарияланды: 08.03.2026
.