Жаңалықтар
Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Қарағанды қала күніне орай танымдық іс-шара ұйымдастырып өткізді.
Іс-шара аясында қаланың қалыптасуы мен даму тарихына арналған мазмұнды тарихи дәріс оқылды. Дәріс барысында қаланың тарихи даму кезеңдері, маңызды оқиғалары мен атаулы даталарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар студенттердің шығармашылық, аналитикалық және болжау қабілеттерін дамытуға бағытталған
«Қарағандының болашағын: 50 жылдан кейінгі қаланы қалай елестетемін» тақырыбында арт-терапиялық жаттығу өткізілді.
Сондай-ақ «Мен Қарағандыны қаншалықты жақсы білемін?» атты танымдық ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында студенттерге қала тарихына қатысты шынайы және шынайы емес мәліметтер қамтылған тұжырымдар ұсынылды.
Білім алушылардың міндеті берілген ақпараттың дұрыстығын анықтау, яғни қай мәліметтің рас, қайсысының жалған екенін ажырату болды.
Студенттер жоғары қызығушылық танытып, талқылауларға белсенді қатысты және туған өлке тарихы бойынша білімдерін көрсетті. Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, мазмұнды, интерактивті әрі танымдық сипатқа ие болды.
