Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Пациенттердің құқықтарын қорғау мәселелері жайында
11 Қараша 2021
Қарағандыда "Әлеуметтік-бағдарланған денсаулық сақтау: пациенттердің құқықтарын қорғау тұрғысынан медициналық-әлеуметтік технологиялар, профилактикалық және қалпына келтіру медицинасы мәселелері" ғылыми-практикалық конференциясы аясындағы жұмыс аяқталды.
Коммуникация жекетұлғаныңбәсекегеқабілеттілік факторы ретінде
09 Қараша 2021
«Руханижаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының оқытушылары 06.11.2021 ж. " Effective communication as a factor enhancing individual competitiveness" халықаралық қатысумен ғылыми семинар өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік жоба
03 Қараша 2021
2 қарашада «Antikor Ortalygy» – да Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша Департаменті және «Сарыарқа-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік жоба» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау өткізілді. Конкурс жеңімпазы болып 7 курс интерні Камашева Гульнараның «Academic Integrity» жобасы жарияланды. «Bolashaq» Академиясының білім алушыларының жобасы да атап өтілді.
«Медицина виртуоздары» тәжірибелік дағдылар бойынша халықаралық олимпиада жеңімпаздары
03 Қараша 2021
2021 жылдың 26-27 қазанында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Мейіргерлік білім беру мектебінің «Мейіргер ісі» академиялық бакалавриатының 3 курс студенттері Ташкент медицина академиясының ұйымдастыруымен «Медицина виртуоздары» тәжірибелік медициналық дағдылар бойынша I-Халықаралық олимпиадаға қатысты.
Әріптестермен тәжірибе алмасу
02 Қараша 2021
2021 жылдың 25-29 қазан аралығында «ҚМУ» КеАҚ симуляциялық және білім беру технологиялар орталығында «Клиникалық құзыреттілікті дамыту үшін оқу бағдарламасында симуляциялық технологияларды пайдалану» атты оқыту семинары өткізілді.
Есентүгел Елеукенмен " Адалдық сағаты"
02 Қараша 2021
28 қазанда Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінде кезекті "Адалдық сағаты" өткізілді. Жоба аясында мектеп білім алушылары Қазақстан КТК Одағының Президенті Есентүгел Елеукеннің тарихымен таныстырылды.
Ресейлік әріптестер үшін "тиімді оқытушы" тренингі
02 Қараша 2021
2021 жылғы 25-29 қазан аралығында «ҚМУ» КеАҚ симуляциялық және білім беру технологиялары орталығы «Тиімді оқытушы» (базалық курс) тақырыбында ПОҚ педагогикалық біліктілігін арттыру циклін өткізді.
COVID-19 аясындағы зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті
01 Қараша 2021
Өзбекстан Республикасының Хонобад қаласында Әндіжан Мемлекеттік медициналық институты және Ташкент медициналық академиясымен бірлесіп ұйымдастырған "Инфектологияның, эпидемиологияның, микробиологияның және медициналық паразитологияның қазіргі заманғы мәселелері" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияcыассоцииро өтті.
Деканның студенттермен кездесуі
29 Қазан 2021
Университетте қыркүйек-қазан айларыаралығында фармация мектебі деканының 1 курс 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және 6В10103 «Фармация» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерімен кездесуі өтті.
Улкенге құрмет
29 Қазан 2021
Біз оларға өтелмейтін қарыздармыз және олардың өмірін барынша қуанышты және жағымды етуге тырысуымыз қажет. Қарт жандар әрқашанда жағымды қарым - қатынасқа зәру. Осыған орай «ҚМУ» КеАҚ оқытушылары Лосева И.В., Кокжалова М.З.және 1-005 топ Фармациялық өндіріс технологиясы бағдарламасында оқитын топ студенттері еңбек ардагерлеріне күтім жасау борышын өтеуде.