Есентүгел Елеукенмен " Адалдық сағаты"
28 қазанда
Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінде кезекті "Адалдық
сағаты" өткізілді. Жоба аясында мектеп білім алушылары Қазақстан КТК Одағының
Президенті Есентүгел Елеукеннің тарихымен таныстырылды.
Есентүгел Баймұханбетұлы Елеукен - "Қазақстан КТК Одағы" Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті. 1973 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1990 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз совхозында бастаған. 1991 жылы Оңтүстік-Қазақстан техникалық университетіне түсіп, 1996 жылы "Технологиялық процестер және өндірістерді автоматтандыру" мамандығы бойынша бітірді.
Мектеп деканының орынбасары Камарова Айсулу Макашовна да қатысушылардың Академиялық адалдық нормаларын сақтаудың және парасаттылық қағидаттарына негізделген денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің болашақ жауапкершілігінің маңыздылығына назарын аударды.