Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларының форматын талқылады
16 Ақпан 2023
Осындай атаумен Қарағанды қаласының медицина университетінің қабырғасында дөңгелек үстел өтті. Бұл жиынға үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларының форматын енгізі бойынша жұмыс тобының өкілдері шақырылды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласы мамандарын дайындайтын Қазақстандық 13 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.
Ресей мен Қазақстанның төрт университеті Халықаралық консорциум құрды.
16 Ақпан 2023
Курашов атындағы Қазан мемлекеттік медицина университетінің бастамасымен құрылған халықаралық бірлестіктің құрамына Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университеті (Санкт-Петербург қ.), Қарағанды медицина университеті (Қазақстан Республикасы), Семей медицина университеті (Қазақстан Республикасы) кірді.
Қарағанды қаласының туған күні
15 Ақпан 2023
2023 жылы 13 ақпанда Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасында Қарағанды қаласының туған күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Бос орындар жәрмеңкесі
15 Ақпан 2023
2023 жылғы 13 ақпанда мансапты дамыту орталығы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, 2023 жылғы түлектерге жұмысқа орналасу мәселелері бойынша «бос орындар жәрмеңкесін» ұйымдастырып, өткізді.
Спорт-денсаулық негізі
14 Ақпан 2023
2023 жылғы 09 ақпанда патология кафедрасында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, оны шешу жолдары» бағытында «Спорт-денсаулық негізі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырыс модераторы патология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор С. Б. Жәутікова, дөңгелек үстел спикері 71 жастағы марафоншы-Жаманбек Төлеутай. Сонымен қатар осы кездесуге жастармен жұмыс жасау бөлімінің маманы Дәулетбай А.С қатысты.
Қазақстанда дәлелді мейіргер ісін қолдау бойынша ынтымақтастықты дамыту
14 Ақпан 2023
7-9 ақпан аралығында Астана медицина университетінде Қазақстандағы дәлелді мейіргер ісін қолдау бойынша ынтымақтастықты дамытуға бағытталған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді Erasmus+ бағдарламасы арқылы ЕО бірлесіп қаржыландыратын AccelEd жобасы аясында Қарағанды ​​медицина университеті мен Jamk қолданбалы ғылымдар университеті ұйымдастырды.
Демалыс күндері шаңғымен сырғанау.
13 Ақпан 2023
21 қаңтар демалыс күндері шаңғымен сырғанау – Қазақстан тарихы және әлеуметтік - саяси пәндер кафедрасының өлкетану үйірмесінің қатысушыларымен өтті.
Нашақорлық проблемалары бойынша дөңгелек үстел
10 Ақпан 2023
2023 жылдың 9 ақпанында «Психиатрия және наркология» курсының оқытушылары «Нашақорлық әлеуметтік проблема ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді. Іс-шара нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде, студенттермен өткізілді.
Болашақ стоматологтарға арналған оқыту семинары
10 Ақпан 2023
Қарағанды медицина университетінде стоматология мектебінің «Визитинг профессор» бағдарламасы аясында Беларусь медициналық жоғары оқу орнынан кейінгі білім академиясының терапевтік стоматология кафедрасымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатылған.
«Maastricht VI Консенсусы: Helicobacter pylori диагностикасы мен емдеуінде қандай жаңашылдық енгізілді?»
03 Ақпан 2023
26 қаңтарда ішкі аурулар кафедрасында Журнал клубының отырысы өтті, онда Helicobacter pylori-мен байланысты ауруларды диагностикалау мен емдеудегі пәнаралық тәсілдер талқыланды. Кездесуге Медицина мектебінің бакалавриат студенттері, терапевтік бейіндегі әртүрлі мамандықтардың 1 және 2 курс резиденттері, практикалық денсаулық сақтау өкілдері қатысты.