Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Спорт-денсаулық негізі

Спорт-денсаулық негізі

14 Ақпан 2023

2023 жылғы 09 ақпанда патология кафедрасында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, оны шешу жолдары» бағытында «Спорт-денсаулық негізі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырыс модераторы патология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор С. Б. Жәутікова, дөңгелек үстел спикері 71 жастағы марафоншы-Жаманбек Төлеутай. Сонымен қатар осы кездесуге жастармен жұмыс жасау бөлімінің маманы Дәулетбай А.С қатысты.

Жаманбек Төлеутай қаламыздың құрметті азаматы, Азия чемпионы, жеңіл атлет, шаңғышы, спорт және еңбек ардагері болып табылады. Спикер 93 халықаралық марафонға қатысып, 300-ге жуық медаль, марапаттар мен сыйлықтарға ие. Жаманбек Төлеутай өзінің спорттық жетістіктерін «Жалпы медицина» және "Стоматология" мамандықтарының 3 және 4 курс студенттерімен бөлісті.

Сонымен қатар, ол салауатты өмір салтын сақтаудағы спорттың рөлі туралы айтты: иммунитетті нығайтуда, тыныс алу, жүрек-қан тамырлар және тірек-қимыл жүйесінің ауруларын алдын алуға; ағзаға түскен үлкен психикалық жүктемелерге бейімделуін қамтамасыз ететін және жалпы белсенді спорттық форманы сақтайтын спорттың рөлі туралы айтты. Белсенді пікірталасқа патологиялық физиология курсының оқытушылары, студенттер қатысты.

 Кездесу достық және жылы жағдайда өтті, соңында белсенді ұзақ өмір клубында тұратын Қарағанды қаласының танымал тұрғындары туралы фильм көрсетілді. Кафедра ұжымы кездесу жастар үшін қызықты әрі пайдалы болды және спорт ардагерлерінің тәжірибесі дене белсенділігіне, жаман әдеттерден бас тартуға деген қызығушылықты оятады деп есептейді. Ардагер спортшы мысалына қызығушылық таныту, студенттердің білімін нығайту және салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін қалыптастыру қажет деп ой тұжырымдады.


0
1025

пікірлер

пікір қалдыру үшін.