Нашақорлық проблемалары бойынша дөңгелек үстел
2023 жылдың 9 ақпанында «Психиатрия және
наркология» курсының оқытушылары «Нашақорлық әлеуметтік проблема ретінде» тақырыбында
дөңгелек үстел отырысын өткізді. Іс-шара нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі жол
картасын іске асыру шеңберінде, студенттермен өткізілді.
Дөңгелек үстелге медицина мектебінің бакалавриат, интернатура студенттері және «Неврология, психиатрия және реабилитология» кафедрасының оқытушылары қатысты.
Отырыста «Психоактивті заттарды қолдану салдарынан туындайтын психикалық және мінез-құлық бұзылыстары» тақырыбында студент Асканбек Жұлдыз (5009 ОМ) баяндама оқыды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар осы мәселе бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Студенттер өз көзқарастарын білдірді, есірткіге тәуелділік мәселесіне төзбеушілік танытты және салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін түсінді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, есірткіні қолдану-өз өміріне балта шабумен тең екендігіне көздерін жеткізді. Олар сондай-ақ қандай да бір заттардың көмегінсіз қарапайым нәрселерден ләззат алуға болатындығын атап өтті.