Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Қазақстандық жазушы Жан Ақжановтың ҚМУ студенттерімен кездесуі
15 Ақпан 2021
2020 жылы 10 ақпанда Қарағанды медицина университетінде әйгілі қазақстандық жазушы Жан Ақжановтың университеттің студенттерімен кездесуі өткізілді. Іс-шара Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы А.А. Унгарбаеваның жазушының шығармашылық жолы туралы айтылған сөзімен басталды.
Тәрбиелі білім-заман талабы
11 Ақпан 2021
Бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие берудің өзіндік тәсілі онлайн экскурсия,кездесу, дөңгелек үстел, конференция өткізу дәстүрге айналып келеді.
Қарағанды қаласының өткені мен бүгіні
10 Ақпан 2021
09.02.21 Қарағанды қаласындағы облыстық өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен «Қарағанды қаласының өткені мен бүгіні»атты онлайн- дөңгелек үстел өтті. Атаулы шараға Қарағанды қаласының тарихшы-ғалымдары, өлкетанушылар, оқытушылар, журналист-тілшілер, ЖОО студент жастары,мектеп оқушылары қатысты.
«Қазақстандық білім беру саяхаты кеңесінің» мәдени алмасу бағдарламалары
08 Ақпан 2021
2021 жылдың 4 ақпанында Қарағанды ​​медицина университеті студенттерінің «Қазақстандық білім беру саяхаты бойынша Қазақстандық кеңес» халықаралық алмасу агенттігінің (қысқаша KCET) өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті.
«64» дойбы бойынша онлайн-турнир
05 Ақпан 2021
2021 жылдың 30-31 қаңтарында Қарағанды медицина университетінде профессор-оқытушылар құрамы арасында «64» дойбы бойынша онлайн-турнир өтті. Мұндай форматтағы жарыстар төрешілер үшін де, қатысушылар үшін де алғаш рет өткізілді.«Мен қиын болады деп ойладым, керісінше болды. Ойын өте қызықты!» - деп турнир қатысушысы, мейіргерлік білім беру мектебінің деканы К. А. Естемесова өз пікірін білдірді.
Тарихты тану тәсілі ретінде мұражайға бару
05 Ақпан 2021
Сталинград маңында жауды жеңгеннің 78 жылдығы қарсаңында Қазақстан тарихы және әлеуметтік - саяси пәндер кафедрасы Волгоградтағы «Сталинград шайқасы» панорамалық мұражайының онлайн - турына барды.
Пандемия жағдайында медициналық білім берудің сапасын қамтамасыз ету
04 Ақпан 2021
2021 жылдың басы «Қазақстанның жоғары мектебі» ғылыми-талдау журналында мақала жариялаудан басталды.
Халықаралық семинар
02 Ақпан 2021
2021 жылы 1 ақпанда медициналық ЖОО оқытушыларының халықаралық тобында «Кейс арқылы оқыту білім беру стратегиясы» бағдарламасы бойынша оқыту басталды. Семинар бағдарламасы Эразмус+ «TAME» жобасының нәтижелеріне негізделген, оқытушылар құрамын дамытуға және оқытушылар құрамының әлеуетін арттыруға арналған.
«Қарағанды қаласына 87 жыл»
28 Қаңтар 2021
Қаңтар айының 25-інші жұлдызында Жалпы медицина мамандығының 1 курс студенттеріне кураторлық сағат өткізілді. Шараны ұйымдастырған Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының профессор ассистенті Әбдірахманова Кәмшат Жақсылыққызы.
Медицина Мектебі COVID-19короновирустық инфекциясының алдын алу шараларын қолға алды
26 Қаңтар 2021
Медицина мектебінің студенттері үшін деканның академиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Е.О. Полякова және м.ғ.к., жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры А.А. Кнаус COVID-19 короновирустық инфекциясының алдын алу және күдікті болған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы түсіндірме әңгімелерін жүргізді.