Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«64» дойбы бойынша онлайн-турнир

«64» дойбы бойынша онлайн-турнир

05 Ақпан 2021

2021 жылдың 30-31 қаңтарында  Қарағанды медицина университетінде профессор-оқытушылар құрамы арасында «64»  дойбы бойынша онлайн-турнир өтті. Мұндай  форматтағы жарыстар төрешілер үшін де, қатысушылар үшін де алғаш рет өткізілді.«Мен қиын болады деп ойладым, керісінше болды. Ойын өте қызықты!» - деп турнир қатысушысы, мейіргерлік білім беру мектебінің деканы К. А. Естемесова өз пікірін білдірді.

Жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанғандар:

Ерлер арасында:

1 орын- Е.А. Котов(Патология кафедрасының ассистенті)

 2 орын- Д.М. Исатаев(Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығы, СБТО инженері)

3 орын- М.К. Тилемисов(Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының ғылыми-зерттеу, санитарлық-гигиеналық зертханаларының қызметкері)

Әйелдер арасында:

1 орын- К.С. Тлегенова(Патология кафедрасының ассистенті)

2 орын- А.О. Мукабылова(Фармация мектебінің оқытушысы)

  3 орын- К.А. Естемесова(Мейіргерлік білім беру мектебінің деканы)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды. Баршаларыңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Келесі жарыстарда кездескенге дейін сау болыңыздар!

Физикалық денсаулық орталығы


0
1544

пікірлер

пікір қалдыру үшін.