Қызметкерлер

Ғылыми дәрежесі: М. ғ. д., профессор
Лауазымы :онкология және сәулелік диагностика кафедрасының профессоры
- Жоғары санатты онколог дәрігер, мерзімсіз
- Кәсіби өмірбаяны
1973 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "емдеу ісі" мамандығы бойынша бітіріп, интернатураны аяқтап, жалпы хирург сертификатын алды. 1973 жылдан 1975 жылға дейін Қарағанды қаласының жедел жәрдем ауруханасында хирург болып жұмыс істеді. 1975 жылы онкология кафедрасына дәрігер-зертханашы болып ауысты. 1977 жылы конкурс бойынша онкология кафедрасына ассистент болып қабылданды. 1976 жылы Мәскеу медицина институтының онкология және хирургия кафедрасында, КСРО МҒА-ның ҒОА базасында біліктілігін арттыру курсынан өтті. Сол кезеңде ғылыми жұмыстармен айналысып, асқазанның проксималды бөлігінің қатерлі ісігін хирургиялық емдеу нәтижелерін зерттеді. 1987 жылы КСРО МҒА-ның ҒОА-ның кеңесінде кандидаттық диссертация қорғады. 1996 жылы ҚазҒЗИ онкология және радиология институтының кеңесінде докторлық диссертация қорғады, ал 2001 жылы ҚР БҒМ конкурсы бойынша профессор атағын алды. Кафедрадағы жұмысты және торакалдық бөлімде онкохирург қызметін қоса атқарды. 1978 жылдан бастап өкпе, өңеш және асқазан қатерлі ісіктері бойынша 1500-ден астам операция жасадым. 2009 жылдан бастап медициналық қызметтердің сапасын бағалау комитеті жоғары санатты онкохирург атағын мерзімсіз тағайындады.
- 1. Бұкенов А.М. Асқазан қатерлі ісігінің таралған формаларын емдеу нәтижелерін болжау. - Қарағанды, 2001 жыл. ISBN 5 – 7667 – 8585 – 2.
- 2. Бұкенов А.М. Өкпе қатерлі ісігі. – Қарағанды 2009. – ISBN 978 – 601 – 204 – 030 – 2.
- 3. Бұкенов А.М. Өкпенің дөңгелек және басқа шеткі түзілістерінің ультрадыбыстық диагностикасы. – Астана, 2011. ISBN 978 – 601 – 7354 – 00 – 8.
- 4. Бұкенов А.М. Асқазан қатерлі ісігін хирургиялық емдеудегі өңеш-ішек және өңеш-асқазан анастомоздары. – Алматы – 2014. ISBN 978 – 601 – 240 – 611 – 5.
- 5. Бұкенов А.М. Өңеш қатерлі ісігінің таралған формаларын емдеу идеологиясы. – Қарағанды 2024. ISBN 978 – 601 – 204 – 554 – 3.
1978 жылдан қазіргі уақытқа дейін 207 ғылыми жұмыс баспада жарияланды, оның ішінде: өкпе, өңеш, асқазан қатерлі ісігін хирургиялық емдеу, ісік текті полисерозиттерді паллиативті емдеу бойынша 13 патент. Зиянды ісіктері бар науқастардың өміршеңдігін шектеу, асқазан, өкпе, сүт безі қатерлі ісігі және кіші жамбас ағзалары ісіктері бар науқастарды оңалту бойынша 12 куәлік. Есеп беру кезеңінде менің басшылығыммен 1 магистрлік, 8 кандидаттық, 1 докторлық және 1 PhD докторлық диссертация қорғалды. Жұмыс барысында денсаулық сақтау практикасына 20-дан астам ұсыныс енгізілді. Типографиялық әдіспен монографиялар жарияланды: