МАСТЕР-КЛАССТАР
«ДИМЕДУС-БҰЛ КОМБИНАЦИЯДАҒЫ МАКСИМАЛДЫ ШЫНАЙЫЛЫҚ, ҚАБЫЛДАУДАҒЫ КОМОРБИДТІ ПАЦИЕНТ»
31.05.2025 ж.
09:00-13:00
ҚМУ КеАҚ Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы, Алалыкин көшесі 7 үй, 234 аудитория.
Рудой Александр Анатольевич, «Иммануил Кант атындағы Балтық федералды университеті» федералды мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесінің медицинадағы симуляциялық оқыту және аккредиттеу Аймақтық ресурстық орталығының директоры.
Ковтун Данил Александрович, Иммануил Кант атындағы Балтық федералды университеті» федералды мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесінің оқу-әдістемелік жұмысы бойынша маманы.
Ким Салтанат Сулейменовна, VIAMEDIS Academy Limited ОӘБ басшысы, пульмонолог-дәрігер.
Жетыбай Гульжан Талгатовна, VIAMEDIS Academy Limited аға әдіскері, эндокринолог дәрігер.
Мақсатты аудитория – жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, бейінді мамандар, студенттер, интерндер, резиденттер, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары, симуляциялық оқыту мамандары.
Оқу бағдарламасында Dimedus білім беру жүйесін және «Физико» физикалық тексеруге арналған манекенді қолдана отырып, аудиториямен клиникалық кейсті талдау жүргізіледі.
Тәжірибе: Dimedus" виртуалды клиникасының мүмкіндіктері, сценарийлердің өту ерекшеліктері.
«АКУШЕРЛІК ҰШҚЫН: ЛЮСИН ТРЕНАЖЕРІНДЕГІ БОСАНУ ТЕХНИКАСЫ»
31.05.2025 ж.
09:00-13:00
ҚМУ КеАҚ Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы, Алалыкин көшесі 7 үй, 236 аудитория.
Омертаева Динара Ергалиевна - «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ акушерлік, гинекология және перинатология кафедрасының ассистент-профессоры, PhD
Турдыбекова Ясминур Габдулхаковна - «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ акушерлік, гинекология және перинатология кафедрасының қауымдастырылған-профессоры, PhD
Мақсатты аудитория – акушер-гинекологтар, акушер-гинеколог резиденттер, симуляциялық технологияларға қызығушылық танытқан мамандар.
Матер-класс бағдарламасы Люсин тренажерінде акушерлік дағдыларды практика жүзінде меңгеруді қамтиды. Қатысушылар тренажердің мүмкіндіктерімен танысады, физиологиялық босануды және жамбаспен келген ұрықты босандыру, сонымен қатар вакуум-экстракциялау және иық дистокиясын болдырмау әдістерін меңгереді. Қиын жағдайларда топпен жұмыс жасауға аса ерекше назар аударылатын болады. Мастер-класста теория аз қамтылып, тәжірибе болса ауқымды түрде: яғни, шағын демонстрациялық көрсетілімдер тренажерда дағдыларды орындауға алмасып, кеткен қателіктерді талдап, шұғыл жағдайлар симуляциясы кезіндегі дағдылрды үйретумен жалғасады.
«МЕДИЦИНАДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: 3D БАСЫП ШЫҒАРУДАН ЖИ КӨМЕКШІСІНЕ ДЕЙІН»
31.05.2025 ж.
09:00-13:00
ҚМУ КеАҚ Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы, Алалыкин көшесі 7 үй, 232 аудитория.
Ращупкин Данил Александрович, «KZTransit» ЖШС аддитивті технологиялар орталығының директоры.
Владислав Шуваев, «KZTransit» ЖШС аддитивті технологиялар бөлімінің басшысы.
Мақсатты аудитория – көпсалалы және медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, дәрігерлер, симуляциялық білім беретін мамандар, техникалық мамандар.
Мастер-класс бағдарламасына кіреді:
Инженерлер + медицина = болашақ
3D технологиялары саланың негізгі мәселелерін шешуге қалай көмектесетіні туралы: импортқа тәуелділіктен бастап жабдықты ұзақ уақыт жеткізуге дейін сөз өрбітеміз
Шынайы үлгілер мен демонстрациялар
Анатомиялық үлгілерді, датчик ұстағыштарын және медицинаға арналған басқа да пайдалы шешімдерді жасау үшін 3D басып шығару қондырғысын қалай қолданылатынын материалдар мен процестерді талдау арқылы көрсетеміз.
Теориядан практикаға дейін
Қатысушылар өздері жасап көреді: қатысушылар объекті сканерлеуден бастап модельдеуге дейін және басып шығаруға дайындауды өз қолдарымен жасап көреді. Қарапайым бағдарламалық қамтамасыз ету + шынайы кейстер.
Teleport3D –барлығы бір жерде
Дәрігерлер мен инженерлерге арналған платформа қалай жұмыс жасайды: үлгілердің каталогы, шығындарды есептеу, білім базалары. Сіз бұларды бірден сынап көре аласыз. «Ника» жасанды интеллект-ассистенті. Жасанды интеллект жұмысты қалай тездететінін көресіз: яғни, үлгілерді таңдауы, сұрақтарға жауап беруі және оқу үдерісіне біріктіруі. Интерактив: Өзіміз жасап көреміз- топтық жұмыс: платформада шешімерді іздеу, жобаны есептеу және ЖИ-пен интеграциясы. Қорытынды: қазірдің өзінде медицинаны бірнеше сағат ішінде идеядан бастап іске асыруға дейін өзгертетін құралдар.
«ШЫНАЙЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ СИМУЛЯЦИЯНЫ ҚОЛДАНУ, ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ ҚАРҚЫНДЫ ТЕРАПИЯ»
01.06.2025 ж.
09:00-13:00
ҚМУ КеАҚ Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы, Алалыкин көшесі 7 үй, 234 аудитория.
Васильев Дмитрий Владимирович,«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к.
Мугазов Мирас Мугазович, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология кафедрасының қауымдастырылған-профессоры, PhD
Огизбаева Алина Виталиевна, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология кафедрасының қауымдастырылған-профессоры, PhD
Мақсатты аудитория – анестезиолог-реаниматологтар, жедел және шұғыл көмек көрсету дәрігерлері, терапевттер, аллерголог-иммунологтар, кардиологтар, хирургтар, резиденттер, бейінді клиникалық кафедраларының оқытушылары.
Бағдарламада шұғыл жағдайларды, яғни анафилаксиялық шокты, бронхообструкцияны, жіті коронарлы синдромды және геморрагиялық шокты «Аполлон» робот-симуляторын қолдана отырып талқылауға арналған 5 клиникалық кейстерге сараптама жасалады.
Өмірге қауіп төндіретін жағдайларды нақты суреттейтін практикалық симуляцияларды, әрекеттерді интерактивті талдау және қателерді түзету.
«ПЕДИАТРИЯДАҒЫ ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙЛАР»
01.06.2025 ж.
09:00-13:00
ҚМУ КеАҚ Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы, Алалыкин көшесі 7 үй, 231 аудитория.
Тукбекова Бибигуль Толеубаевна, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ педиатрия және неонатология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. профессор.
Слугина Полина Николаевна, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының БЖАБЖ/ӘППМ бойынша бас штаттан тыс маманы
Мақсатты аудитория – педиатрлар, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігерлері, резиденттер, бейінді клиникалық кафедралардың оқытушылары.
Оқыту бағдарламасында Ария жоғары технологиялық Робот-симуляторында дағдыларды көрсете отырып, балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету тәсілдері ұсынылатын болады.
Шұғыл белгілерді дереу бағалауды талап ететін балалардағы кідіріссіз жағдайлардың клиникалық сценарийлері, шұғыл медициналық сұрыптау кезеңдері көрсетіледі.
Мастер-класс балаларға қауіпсіз ортада жедел медициналық көмекті тиімді көрсету бойынша заманауи дәрігердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.
«АБДОМИНАЛЬДІ АУРУЛАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУҒА ИНТЕРАТИВТІ ОҚЫТУ: ПРАКТИКАДА VR ҚОЛДАНУ»
01.06.2025 ж
09:00-13:00
ҚМУ КеАҚ Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы, Алалыкин көшесі 7 үй, 218 аудитория.
Балкизов Залим Замирович, «РОСМЕДОБР» Ассоциациясының бас хатшысы, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің ҚКБбФ МББбМ РМҮКБбА үздіксіз кәсіптік білім беру педагогтарын даярлау институтының директоры, РММУ кәсіптік білім беру және білім беру технологияларын ұйымдастыру кафедрасының профессоры. Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Н. И. Пирогов атындағы атындағы РҰЗМУ, м. ғ. к., Мәскеу қ., РФ
Мақсатты аудитория – медициналық ЖОО-ң кафедра меңгерушілері, оқытушылары, омом- терапия, пропедевтика, педиатрия, жалпы және и ауруханалық хирургия
Мастер-класс бағдарламасы VR технологияларын қолдану арқылы абдоминальды ауруларды диагностикалау бойынша интерактивті оқытуға арналған теориялық және практикалық блоктарды қамтиды. Қатысушылар медицинадағы виртуалды шынайылық негіздерімен, олардың клиникалық тәжірибе мен білім берудегі артықшылықтарымен танысады. Сонымен қатар, абдоминальды патологияларды диагностикалаудың негізгі аспектілерін – анамнез жинаудан визуализация деректерін интерпретациялауға дейін қарастырады.
«ӨМІРДІҢ АЛҒАШҚЫ СЕКУНДТАРЫНАН БАСТАП: ТОЛЫҚҚАНДЫ ЖӘНЕ ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІ РЕАНИМАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТАНДЫРУ»
01.06.2025 ж.
09:00-13:00
ҚМУ КеАҚ Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы, Алалыкин көшесі 7 үй, 236 аудитория.
Киреев Дмитрий Евгеньевич - Қарағанды облысының бас штаттан тыс неонатологы.
Панибратец Людмила Георгиевна - Жаңа туған нәрестелерді Реанимациялау және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі.
Караваева Алина Витальевна - неонатолог-дәрігер, NRP бойынша сертификатталған инструктор.
Мақсатты аудитория - неонатолог-дәрігерлер, резиденттер, орта медициналық персонал (неонатология бөлімшелері), педиатрлар, акушер-гинекологтар.
Мастер-класс халықаралық ұсыныстарға негізделген реанимация алгоритмдері бойынша теориялық және практикалық дайындықты қамтиды. Қатысушылар шала туылған нәрестелердің физиологиясын, қауіп факторларын, шала туылған нәрестелермен жұмыс істеу ерекшеліктерін, ӨЖЖ қолдануды, жанама жүрек массажын, дәрілік терапияны, сондай-ақ реанимацияның этикалық аспектілерін зерттейді.
Практикалық бөлім манекендерде яғни, алғашқы көмек көрсету, интубация, кіндік тамырын катетеризациялау, жабдықты пайдалану тәрізді дағдыларды жасап көруді қамтиды. Күрделі жағдайларға –экстремалды шала туылу, гиповолемия, туа біткен ақауларға және заманауи тәсілдерге ерекше назар аударылады. Оқу бағдарламасы симуляциялық сценарийлермен және нақты клиникалық жағдайларды талдаумен толықтырылған.