Медицинский Университет Караганды
Журнал «Медицина и экология»
Ежемесячная газета «Медик»
Главная
Объявления
Хабарландыру

Хабарландыру

04 Февраля 2020

 «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Ақпараттандыру және инфрақұрылымды дамыту департаменті

Директор – 1 бірлік

Ақпараттандыру және инфрақұрылымды дамыту департаменті, цифрландыру бөлімі

Бастық-1 бірлік

Стратегиялық даму және сапаны басқару бөлімі

Бөлім бастығы-1 бірлік

Кітапхана-баспа орталығы

Директор – 1 бірлік

Құжаттарды соңғы  қабылдау күні мен уақыты – 2020 жылғы 4 ақпаннан бастап 2020 жылғы 18 ақпанға дейін, сағат 18.00-ге дейін.

Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар өтінішті (еркін үлгіде) ҚМУ КеАҚ адами ресурстарды басқару департаменті директорының атына жазады:

Өтінішпен бірге келесі құжаттар керек:

1)  жеке бас куәлігінің көшірмесі және текесріп салыстыру үшін түпнұсқасы;

2)  жоғарғы білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

3)  қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

4)  ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болса);

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады (ғылыми жарияланымдар тізімі, бұрынғы жұмыс орны басшысының мінездемесі және т.б.).

 Университетте қызмет ететін және конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар келесі құжаттарды қосымша ұсына отырып,  ҚМУ КеАҚ адами ресурстарды басқару департаменті директорының атына өтініш жазады: мінездеме, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады, ғылыми хатшымен куәландырылған ғылыми жұмыстары мен өнертабыстар тізімі.

Бөлімше басшысы бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар бөлімшенің стратегиялық дамуына арналған презентацияны қосымша дайындауға міндетті.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Ақпараттандыру және инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры лауазымына-жоғары білім, басшы лауазымында кемінде бес жыл тәжірибесі бар.

Ақпараттандыру және инфрақұрылымды дамыту департаменті цифрландыру бөлімінің бастығы лауазымына - жоғары техникалық білім және ақпараттандыру технологиялары жүйесінде 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.

Стратегиялық даму және сапаны басқару бөлімінің бастығы лауазымына-жоғары білім, медициналық мекемелерде немесе білім беру ұйымдарында басшы лауазымындағы тәжірибесі кемінде 3 жыл.

  Кітапхана-баспа орталығының директоры лауазымына- кітапхана немесе баспа ісі саласындағы жоғары кәсіби білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

Анықтама алу үшін келесі мекенжайға хабарласуға болады:

Қарағанды қ., Гоголь көш. 40, Адами ресурстарды басқару департаменті

(218 каб.) тел: 8 (7212) 50-39-30 (1206, 1672)


0
1846

комментарии

чтобы можно было оставлять комментарии.