Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ жігіт сұлтаны – 2015

ҚММУ жігіт сұлтаны – 2015

12 Наурыз 2015

  Осы жылы студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің жетекшілігімен көркем-өнер үйірмелерінің белсенділері және Студенттердің өзін-өзі басқару комитетінің мәдени-бұқаралық секторы «ҚММУ жігіт сұлтаны - 2015» байқауын қайтадан өткізуді шешті.

  Байқау соңғы рет төрт жыл бұрын өткізілді және «ҚММУ жігіт сұлтаны-2011» атағын Жанат Нұрғазинов ие болғанын айта кеткен жөн.

Енді байқау қатысушылары мен іс-шараға толық тоқталайық. Кастинг кезінде финалды турнирге 11 интеллеуталды дарынды, физикалық тұрғыда дайындалған, креативті ойшыл жігіттер өтті: Нұржол Жәнібек (3-016 ЖМ), Бірлік Нұрсұлтан (4-038 ЖМ), Кумар Манож (4-003 ЖМ), Нұрболат Шымыров (3-043 ЖМ), Темірлан Утеулин (2-074 ЖМ), Алмас Кенесаров  (3-053 ЖМ), Ерсайын Мұсабаев (3-012 ЖМ), Иван  Поливка (3-051 ЖМ), Айбатыр Исказин (2-095 ЖМ), Мақсат Сражадинов (1-046 ЖМ), Елжан Ерғазыұлы (201 КЛД).

Білікті әділ-қазылар құрамына:

Нұржан Жетпісбаев – «Нұр Отан» облыстық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының орындаушы хатшысы;

Мария Борисевич – «Weidenburg» облыстық қоғамдық неміс этномәдени бірлестігінің жастар қанатының көшбасшысы;

Лайшева Динара Рафаильевна – Қарағанды қ. Жастармен жұмыс жөніндегі орталығының жастар жобалары және бағдарламалары секторының жетекшісі;

Наурызов Нұрлан Нығметұлы – ҚММУ Қызметкерлері және студенттерінің тәуелсіз кәсіподағының төрағасы;

Қосыбаева Меруерт Ержановна – «Қаракөз» халықытық шығыс билер ансамблінің жетекшісі кірді.

Биылғы байқаудың басқа іс-шаралардан өзгешелігі, бейне шоу (ішінара 3D шоу), онда қатысушылар қазақ халқы дәстүрлерінен білімдерін «Ата – баба дәстүрі» байқауында көрсетті және «Джентльмен тест» байқауына өзгеше қырымен қатысты.

Бірінші байқауда қатысушылар өздерін ерекше қырымен көрсетті және онда өздері жайлы қысқаша бейнефильмде таныстыратын дефиле және визитка кірді. Дефиленің өзі «Джеймс Бонд» стилінде өтті. 

 

«Джентльмен тест» екінші байқауды «Клиника смеханы» Қарағанды мемлекеттік медицина университеті көңілді және тапқырлар клубының қатысушылары өткізді. Көңілді және тапқырлар клубы мүшелері байқауға-қатысушыларға үш тілде өте көңілді және шетін жағдайларды дайындады. Зал шаттыққа толып болды, өйткені расында көңілді өтті. Орыс лигасының көңілді және тапқырлар клубының қатысушылары сөзіне қарағанда байқауға қатысушылардың импровизациясы ойдағыдай өтті.

  Үшінші байқау «Ата-баба дәстүрі» деп аталды. Берілген нөмірдің өзгешелігі талапкерлер қазақша күресте, аңға шығу, жауға шабу дағдылары, білімдері мен ептіліктерін көрсетті. Байқау қатысушылары үш топқа бөлінді, берілген әдет-ғұрыптардың элементтерін көрсетті. Кәдімгі аңшы иті «тазы ит» болды. Қазақша күрес кезінде байқау қатысушылары лақтыру әдістерін және техникасын көрсетті.

  Төртінші байқау – «Өнер нөмірі». Осында байқау қатысушылары рэп оқудан, ауыр рок орындаудан бастап, шегесі бар тақтайға жатып, шыныны шайнау және кірпіш жару сияқты жүрек түршіктіретін шоу түрінде өз таланттарын көрсетті. Соңғы трюкті 2-ші нөмірдегі - Бірлік Нұрсұлтан көрсетті. Одан басқа авторлық клиптер мен өлеңдер, монолог нөмірлері көрсетілді.

  Байқау дәстүрлі вальспен аяқталды.  Би кезінде серіктес қыздардың сымбаттылығын және байқау қатысушыларының дайындығын атап өтуіге болады.

 

«Someone like you» және «Сен» әндерімен Диана Бекмырзаева, «Черлидинг» би композициясымен шоу-балет «Этюд», татар биімен «Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблі, «Гун Гунари» үнді биімен «Golden Step» би театры, «Don`t you remember» әнімен  Айнұр Қарабжанова, «Салем саған туған ел» композициясымен Нұрлыайым Байназар өз жарқын нөмірлерімен қонақтарды қуантты.

Бірілген шараның ұйымдаструға үлкен еңбек сіңірген көркем-өнер үйірмелерінің белсенділеріне, әсіресе «Конферансье» үйірмесіне және СӨӨБК «Ерікті халықтық достығы» секторына алғысымызды білдіреміз.

Жарты сағаттық пікірталастан кейін марапаттау кезеңінде жеңімпаздар белгілі болды. Қызу пікірталас қорытындысында, жете талқылаудан кейін, ең жарқын көрсетілімдерді талдап бірінші курс студенті Мақсат Сражадиновқа ҚММУ жігіт сұлтаны атағы берілді. Номинация жеңімпаздары:

«Вице-Мистер – 2015» – Ерсайын Мұсабаев

«Мистер Талант – 2015» – Нұрсұлтан Бірлік

«Мистер Стиль – 2015» – Нұрболат Шымыров

«Мистер Интеллект  – 2015» – Темірлан Өтеулин

«Мистер Обаяние – 2015» – Иван Поливка 

Барлық қатысушылар дипломдар мен құнды сыйлықтармен марапатталды.

Бақдаулет Мейірханов

СӨӨБК мәдени-бұқаралық секторының жетекшісі,

4-048 ЖМ тобының студенті


0
20388

пікірлер

пікір қалдыру үшін.