Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Мемлекеттік тілді КАЗТЕСТ жүйесі бойынша үйрету әдістемесі»

«Мемлекеттік тілді КАЗТЕСТ жүйесі бойынша үйрету әдістемесі»

06 Наурыз 2015

2015 жылдың 24-25 ақпанында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде «Мемлекеттік тілді КАЗТЕСТ жүйесі бойынша үйрету әдістемесі» атты семинар өтті

Семинар жұмыстарына Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің, Өскемен қаласының Шығыс-Қазақстан облысы орталық ауруханасының, Теміртау қаласы №4 емханасының, ҚР ӘМ Шығыс-Қазақстан облысының Жылжымайтын мүлік орталығының, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің  мемлекеттік тілді дамыту бөлімдерінің мамандары қатысты. 

Дәріс оқушы: Анар Бейсенқызы - қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің тілдерді оқыту орталығының басшысы.

Семинар барысында тіл саясаты мәселелері, медициналық терминологияны біріздендіру, нормативтік-құқықтық актілер, ҚАЗТЕСТ оқу-әдістемелік кешені, қазақ тілін оқыту технологиясы, денсаулық сақтау жүйесінде қызмет атқаратын мамандар арасында диагностикалық және сертификатталған тестілеу өткізу жұмыстары қарастырылды.

2015 жылдың 30-қаңтарда Астана қаласында  ҚР БҒМ Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы мен Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі арасында ынтымақтастық туралы  Меморандумға қол қойылып, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі медициналық ұйымдарының қызметкерлері үшін біліктілікті жоғарылату курстары, оқу-әдістемелік  семинар-тренинг, шеберлік-сабақтары, диагностикалық және сертификатталған тестілеу өткізуді ұйымдастыру, мемлекеттік тілді оқыту сұрақтары бойынша денсаулық сақтау жүйесінде ҚДСЖМ ҚАЗТЕСТ жалғыз ресми өкілі болып табылады. 

ҚДСЖМ  Тілдерді оқыту орталығының ашылу мақсаты - денсаулық сақтау жүйесіндегі мамандарды біріктіру және тиімді ақпараттық кеңістігін құру;  ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша оқыту әдістемесіне аймақтық және Алматы қаласының денсаулық сақтау ұйымдарының қазақ тілі оқытушыларын, әдіскерлерін, редактор-мамандарын оқыту; ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша  оқыту әдістемесін қолдануда кеңестік-әдістемелік көмек көрсету; республиканың жетекші мамандарының қатысуымен денсаулық сақтау ұйымдарында іс-жүргізу жұмыстарын сапалы жүргізу және медициналық терминологияны біріздендіру бойынша жұмыстар жүргізу  болып табылады.

Семинарға қатысушылар 2011-2020 жж. арналған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде атқарылған жұмыстардың оң нәтижелері мен жетістіктерімен бөлісу мүмкіндігіне ие болды, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық және сертификатталған тестілеуге денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлер мен мемлекеттік қызметкерлерді дайындау бойынша ҚДСЖМ Тілдерді оқыту орталығының іс-шаралар жоспарымен танысты.

ЖОО бойынша ұсыныс:

1.  2016 жылға дейін ҚАЗТЕСТ сертификациясы бойынша 80% ПОҚ  және қызметкерлерді қамту қажет ( 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту мен қолданудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, екінші кезең: 2014-2016 жж.);

2.  ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден өтпеген ЖОО  ПОҚ мен қызметкерлерін диагностикалық тестілеуден өткізу.

3.  Көрсетілген  тәсіл (сызба) бойынша ҚАЗТЕСТ  тапсырып, сертификат алу үшін  дайындау:

1)  А1-А2 деңгейінен өту (мерзімі қыркүйек-желтоқсан 2015 жыл 30% қызметкер өту қажет);

2)  В1 деңгейінен өту (мерзімі қаңтар-маусым 2016 жыл 20% қызметкер өту қажет);

В2 деңгейінен өту (мерзімі қыркүйек-желтоқсан 2016 жыл 20% қызметкер өтуі қажет).

0
18889

пікірлер

пікір қалдыру үшін.