Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Көптілділік білім беру студенттердің көзқарасымен

Көптілділік білім беру студенттердің көзқарасымен

05 Наурыз 2015

2015-жылдың 27-ақпанында ҚММУ-де  «Көптілділік жоғары білім беру контекстінде» атты студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми практикалық  конференциясы өтті. Конференцияда заманауи  кәсіби білім берудің ең ауқымды және күрделі мәселелерінің бірі - болашақ маман көптілді тұлғаны қалыптастыру мәселесі талқыланды.

Конференцияның пленарлық отырысында құттықтау сөз: оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, м.ғ.д., профессор В.Б. Молотов-Лучанскийге, конференция қонағы -  Х.А. Яссауи атындағы ХҚТУ «Жалпы дәрігерлік практика» кафедрасының м.ғ.к., доценті

Н.Н. Бекеновқа берілді.

Пленарлық отырыс шеңберінде келесі баяндамалар тыңдалды:

-  «Көптілді оқыту көп мәдениетті  білім берудің тиімді факторы»

Т. Жумадильдина  (ҚарМТУ, Қарағанды)

- «Көптілділік туралы сұраққа  түсінік» Б. Сериков(ҚММУ, Қарағанды);

- «Мәдени  ұлттық тұлғаға тілдің ықпалы» А. Токтамысова (ҚММУ, Қарағанды) ;

- «Франциядағы көптілділік білім берудің ұйымдастырылуы»И. Адильбеков (Ы. Алтынсарин атындағы АрқМПИ, Арқалық);

- «Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде көптілділік білім беру процесі» Н. Ясная (ҚММУ, Қарағанды);

- «Жалпы практика кезінде дәрігер – интерндердің көптілділікке дайындығы.»  С. Ахраров(Х.А.  Яссауи атындағы ХҚТУ , Шымкент)

Страсбург университетінің докторанты И.Адильбековтың баяндамасына конференция қатысушылары ерекше қызығушылық танытты, автор Еуропадағы көптілділік білім берудің жалпы сипаттамасына тоқталып, жоғары  білім беру контекстінде біздің тілге бейімделуіне болатынын әртүрлі мемлекеттердің көптілділігіндегі жақсы тәжірибелерге назар аударды, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік «Болашақ»бағдарламасының қолдауымен,  Еуропада  жоғары білімнен кейінгі көптілділік  білімді  алуға ұсыныстар берді.

Зал баяндамашылардың көптілді  баяндамаларына еш қымсынбады. Әрбір баяндама түсінікті болды, бұған қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қойылған көптеген сұрақтар  дәлел бола алады. Қызу талқылау жүргізілгендіктен, президиум мүшелері баяндамашыларға қойылған кейбір сұрақтарды  секция отырыстарында талқылауды жалғастыруды ұсынды.

Конференция жұмысы 5 секцияға бөлінді, әрқайсысы тақырыптық бағыты бойынша көптілділік білім беру аспектісіне сай келді: Қазақстан республикасында көптілді оқытудың теориясы мен практикасы», «Көптілділік әлемдік тәжірибе контекстінде», «Медициналық жоғары оқу орындары  студенттерінің көптілділік дайындықтарының заманауи жағдайы», «Тіл мен мәдениет полилогы: тарих пен  қазіргі уақыт», «Тілдегі ұлттық мәдениеттің бейнесі»

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми жұмыстары 5 бағалау шкаласы бойынша құрастырылған  критерийлермен бағаланды.

Секция отырыс жұмыстарының модераторлары ретінде тәжірибелі педагогтар: ҚҚЭУ шет тілдер мен орыс тілі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.н., профессор Г.Т. Аубакирова, ҚММУ шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., В.А. Бурмистрова; ҚММУ медициналық білім беру бөлімінің бастығы, доцент, м.ғ.к.  Г.С. Кемелова; ҚММУ шет тілдер кафедрасының доценті, ф.ғ.к., Ш.С. Жакупова; Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ шетел филологиясы және аударма ісі  кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

Э.В. Нестерик атқарды. Қосалқы модераторлар ҚММУ шет тілдер кафедрасының оқытушылары және ғылыми сектор өкілдері көмек көрсетті. 

Студенттер мен жас ғалымдардың конференцияға қатысуға деген жоғары белсенділіктерін атап айтуға болады: 172 баяндама қабылданды, көптеген баяндамалар 1,2 және 3 секцияларына ұсынылды. Конференция қатысушыларының баяндамалары әртүрлі тақырыптармен, өзектілігімен, ақпараттылығымен  ерекшеленіп, тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын оятты.

Әрбір секция жұмысы бойынша қорытынды жасалып қарар қабылданды, сонымен қатар үздік ғылыми –зерттеу жұмысының авторлары іріктелді.

1-секция ««Қазақстан Республикасында көптілді оқытудың теориясы мен практикасы»:

I дәрежелі диплом – Д. Ахилбек, А. Абдикадыр (С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы);

II дәрежелі диплом – К. Юнусова (Ы. Алтынсарин атындағы АрқМПИ, Арқалық)

III дәрежелі диплом– А. Уйсинбеков (ҚарМТУ, Қарағанды);

ең үздік таныстыру үшін грамота С. Жумагазиев (ҚММУ, Қарағанды);

жеңіске деген ұмтылысы үшін грамота Е. Аманбекова (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды)

баяндаманы талқылау кезінде белсенділік танытқаны үшін грамотаА. Қаблан (ҚММУ, Қарағанды).

2-секция ««Көптілділік әлемдік тәжірибе контекстінде»»:

I дәрежелі диплом – Д. Сыздыкова (ҚММУ, Қарағанды);

II дәрежелі диплом – А. Қаблан (ҚММУ, Қарағанды);

III дәрежелі диплом – Т. Мусалиева Ы. Алтынсарин атындағы АрқМПИ, Арқалық);

ең үздік  таныстыру үшін грамота Д. Токашева (ҚММУ, Қарағанды);

жеңіске деген ұмтылысы үшін грамота М. Исраилова, Д.Даулетбаев

(С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы);

баяндаманы талқылау кезінде белсенділік танытқаны үшін грамота С. Абишева

(Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды).

3-секция «Медициналық жоғары оқу орындары  студенттерінің көптілділік дайындықтарының заманауи жағдайы»:

I дәрежелі диплом – К. Сахметова (С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы);

II дәрежелі диплом– Т. Саматов (ҚММУ, Қарағанды);

III дәрежелі диплом– С. Самитова, Н. Кенесов (С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы);

ең үздік  таныстыру үшін грамота А. Мельденова, Т. Досжанов (КГМУ, Караганда);

жеңіске деген ұмтылысы үшін грамота Г. Данешова (ҚММУ, Қарағанды);

баяндаманы талқылау кезінде белсенділік танытқаны үшін грамота  – Ж. Баймагамбет (ҚММУ, Қарағанды);

4-секция «Тіл мен мәдениет полилогы: тарих пен  қазіргі уақыт»:

I дәрежелі диплом– Г. Омарова (ОҚА, Қарағанды);

II дәрежелі диплом– К. Конысбеков (ҚММУ, Қарағанды);

III дәрежелі диплом– А. Тұрсұн (ҚҚЭУ, Караганда);

ең үздік  таныстыру үшін грамота Д. Сарсенова (ҚарМТУ, Қарағанды);

жеңіске деген ұмтылысы үшін грамота Е. Жумабеков (ҚарМТУ, Қарағанды);

баяндаманы талқылау кезінде белсенділік танытқаны үшін грамота Г. Байдалиева ҚММУ, Қарағанды).

5-секция «Тілдегі ұлттық мәдениеттің бейнесі»

I дәрежелі диплом – А. Арунова (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды)

II дәрежелі диплом – З. Махамбетова (М. Оспанов атындағы БҚММУ, Ақтөбе);

III дәрежелі диплом – А. Жаркимбекова (ҚарМТУ, Қарағанды);

ең үздік  таныстыру үшін грамота М. Мергазина, Е. Багитжанов, А. Юлдошев, Н. Сабыр (ҚММУ, Қарағанды);

жеңіске деген ұмтылысы үшін грамота З. Сарыбаева (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды);

баяндаманы талқылау кезінде белсенділік танытқаны үшін грамотаМ. Горная (ҚҚЭУ, Қарағанды).

Конференция қатысушыларымен қорытынды пленарлық отырыста

5- секция бойынша жасалған жұмыс шеңберінде қарар қабылданды. Конференция қатысушыларына оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор профессор м.ғ.д., В.Б. Молотов-Лучанский белгілі номинациялар бойынша үздік дипломдар мен сертификаттармен марапаттады.

Конференция қатысушыларының баяндамалары мен талқылаулары  көптілділік білім беру шеңберінде білім беру үрдісінің субъектеріне кездесетін  негізгі қиындықтарын  анықтаумен бірге, сондай-ақ оларды жеңу жолдарын, әрбір адамның көптілді дайындығына деген өз пікірін қайта қарастыруымен қатар, көптілді әрекетінің субъектісі ретінде өзінің маңыздылығын түсінуіне мүмкіндік туғызады.


0
20472

пікірлер

пікір қалдыру үшін.