Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ұлы Жеңіс мәңгі есте!

Ұлы Жеңіс мәңгі есте!

03 Наурыз 2015

Ақпанның 23-шы жұлдызында КММУ 2 Балалар аурулары кафедрасында әскери 4-089, 4-090, 4-104, 4-105 топтары Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Женістің 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізді. Қонақтардың арасында Жалпы медицина және стоматология факультетінің деканының орынбасары А.С.Байменова, 2 Балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор, Б.Т.Тукбекова, 2 Балалар аурулары кафедрасының аға оқытушысы, м.ғ.д., профессор м.а., С.Б.Дюсенова, м.ғ.д., профессор м.а., С.Т.Кизатова және кафедра оқытушылары болды.

4-090 тобының студенттері Алтынбек Айжан және Сапаров Эльдар  мерекені мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізді.

Іс-шара барысында, студенттер 1945 жылғы сәуірдің 30 Григорий Болатовпен бірге Берлиндегі Рейхстагқа қызыл туы көтерген алғашқылардың бірі, ҰОС ардагері, офицер Рахымжан Қошқарбаев туралы бейнебаян дайындады. Офицердің айтуынша Гитлердің үйінен Рейхстагқа дейін 360 м қашықтық қана, ол сарбаздарымен сол қанды метрлерді 7 сағат бойында өтті.

«Жиі, өте жиі сабақтарға келмеген және қазір мини-клиникалық емтихан тапсырып отырған студент», «Дәрігерлер тек етістіктермен ғана сөйлейді» аталған мини-шоуларда 4-090 тобының студенттері Г.Кошан, А.Ауесбеков, Н. Халмуминов және А.Токен өнерлерін көрсетті.

Василий Лебедевтің әніндегі сөздерді «Кто сказал, что надо бросить песню на войне, После боя сердце просит музыки вдвойне» еске алып, студенттер гитарамен соғыс әндерін шебер орындауын көрсетті. Сол студенттердің арасында К.Канев, Д.Киреев, Д.Нехметжанов және 4-089 тобының батыл старостасы Н.Чернышева болды. 4-курс студенттері, гитарада ойнап қана шектелген жоқ, олардың кейбіреулері скрипка ойнап (О. Галкина) және А. Қалжанов долмбырамен «Әке толғауы» күйін орындап шықты.

Отан қорғаушыларға жүргізушілер бала кезіне апаратын экскурсия дайындаған, оның барысында олар ОБКА бөлімшелерінде жатқан балалардың ең қызықты және өзекті мәселелер туралы сұрақтарына жауап берген.

Жалпы медицина және стоматология факультетінің декан орынбасары А.С.Байменова және кафедра аға оқытушысы С.Б.Дюсенова «Әскери кафедра студенттері аса тәртіпті және батыл екенін, ал ең бастысы, өзінің Отанға деген сүйіспеншілігін осы Отан қорғаушылар күніне арналған мерекені өткізіп дәлелдеген. Осы 23-ақпан күнін тойлау Ұлы Жеңіс мәңгі есте екенінін дәделі! Сонымен Жеңістің 70 жылдығы тақырыбына қарамастан, студенттер өздерінің шығармашылығымен ойын-сауық және әзіл бағытында, жаңа форматта мерекені өткізді, олар қандай жан-жақты және талантты екендерін көрсетті»

Іс-шара Ескендір Хасангалиевтің патриоттық «Атамекен» әнімен, қонақтарға деген ата-бабалармыздың даңқты жауынгерлік дәстүрлерін сақтап, олардың ерліктерін есте сақтап, біздің Отанымызға ешқашан соғыс келмеуі үшін бәрін жасайық деген тілекпен аяқталды.

Адамдардың жақсы еркімен жер бетінде бейбітшілік бекітілсін - бұл біздің Ұлы Жеңістің үздік ескерткіші болады!

Жалпы медицина мамандығының 4-089,4-090,4-104,4-105 топ студенттері.


0
18437

пікірлер

пікір қалдыру үшін.