Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Түркияға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша сапар

Түркияға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша сапар

23 Ақпан 2015

Түркияның Ерзурум қаласының Ататүрік атындағы университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенттері С.Мурзағалиева, З.Төлеуова, Л.Мартыненко, Е.Галымов, А.Шунгулов "Хирургиялық аурулар" және "Акушерлік жəне гинекология" циклдарын оқып келдік.

Ататүрік атындағы университет 1957 жылы қаланған. Білім мекемелері 17 факультеттен, 5колледжден, 16 білікті колледжден тұрады.Мұның барлығы кампус деп аталатын бір орында орналасқан. Кампус - бұл студенттік қалашық, құрамында факультеттер, деканаттар, асхана, жатақханасы бар. Жалпы Ататүрік атындағы университетте 33544 студенттер оқиды.

Оқуымыз университет ішіндегі зерттеу ауруханасында өтті. Уақытымыздың көп бөлігін хирургия жəне гинекология бөлімшелерінде өткіздік. Сол жерлерде біз науқастарды аралап, манипуляция жүргіздік.Сонымен қатар, түрлі операцияларға қатысып, қалай жасалатынын бақыладық жəне бізге де қатысуға мүмкіндік берді.

Оқу күніміз дәрігердің науқасты қарау мен сұраудың жан-жағын түсіндіру мен науқасты аралаудан басталды. Əрі қарай білікті мамандармен дәрістер өтті. Содан кейін біз науқастардың ауру тарихымен танысу мен манипуляция жүргізу үшін науқастарға бардық.

Аурухана өте жақсы құрылған жəне оқу мен тәжірибеде теориялық материалдарды меңгеру үшін барлық жағдай жасалған. Жалпы аурухана, жағымды дәрігерлер бізге бəрін нақты түсіндіруге тырысты жəне бізбен ақкөңіл, адамгершілікті қарым-қатынаста болды.

Өткен семестр біз үшін өте бақытты да сәтті болды. Біз өзімізді жаңа қырымыздан ашып қана қоймай, Түркияның білімін бағалап, біздің оқу білімімен салыстыра алдық. Алған тəжірибемізбен ҚММУ студенттерімен бөлісуге тырысамыз.

Біздің университетіміз бен қабылдаушы жаққа осындай мүмкіндікті бергенге үлкен алғысымызды білдіреміз. Біздің студенттерге өз күштерін сынап көруге жəне жаңа қадам жасаудан тайынбай, тек алға жүрулеріне сәттілік тілейміз!

«Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенттері

С.Мурзағалиева, З. Төлеуова, Л. Мартыненко, Е. Галымов, А.Шунгулов


0
18905

пікірлер

пікір қалдыру үшін.