Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының аясында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Консультациялық-диагностикалық орталығы ашылды.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының аясында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Консультациялық-диагностикалық орталығы ашылды.

19 Ақпан 2015

Жаңа орталық мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының аясында облыс әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен құрылды. Ол бұрынғы облыстық перинаталдық орталық ғимаратында орналасқан. 


«Консультациялық-диагностикалық орталықтың ашылуы ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың денсаулық сақтау, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша алға қойылған тапсырмаларын орындауға мүмкіндік жасайды. Жөндеу жұмыстарына, жабдықтар мен жиһазды сатып алуға жұмсалған қаражат 300 млн теңгені құрады», - деп өз сөзінде Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков айтып кетті.


Орталықта рентген кабинеттер, функционалды диагностика кабинеттері, УДЗ, эндоскопиялар бар, сонымен қатар осында бар жабдықтардың мүмкіндіктері туралы таныстырылымдар көрсетілді.

Ұлыбритания, Германия және Жапонияның жаңа емдеу-диагностикалық жабдықтары ұлттық және әлемдік стандарттар деңгейінде ересектер мен балаларға медициналық қызметтер көрсетеді. Диагностикалық орталық құрылымына зертханалық-диагностикалық, консультациялық бөлім, сонымен қатар реабилитация және қалыпқа келтіру бөлімшелері кіреді.

Басқа қалалық азаматтар үшін орталықта қонақ үй типті қоныстану палаталары бар, онда пациенттер тексеру жұмыстарына дайындала алады. Консультацияларды университеттің жоғары білікті дәрігерлері жүргізеді – доценттер, профессорлар, жоғары санатты дәрігерлер. 



Жаңа физиотерапевтикалық жабдықтармен және емдік дене шынықтыру залымен жабдықталған реабилитация және қалыпқа келтіру бөлімшесінде университет ғалымдарының халықаралық және жеке дайындамалары пайдаланылады. Күндізгі стационарда пациенттер кепілдендірілген ақысыз медициналық көмек көлемінің аясында ем қабылдай алады.

 

Источник BNews.kz

0
19450

пікірлер

пікір қалдыру үшін.