Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Орталық Азия универитеттері және Еуропа университеттері» Эрасмус Мундус бағдарламасы

«Орталық Азия универитеттері және Еуропа университеттері» Эрасмус Мундус бағдарламасы

13 Ақпан 2015

2014-жылы Қарағанды мемлекеттік медицина  университеті «CASEU – central ASian and European Universities» жобасының Эрасмус Мундус бағдарламасының қатысушысы болды.

Аталмыш жобаның аясында Орталық Азия және Еуропа елдерінің  серіктес ЖОО  магистратура, доктарантура білім алушылары сонымен қатар әкімшілік және академиялық қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығы жоспарланып отыр.

Жоба магистратура, доктарантура мен академиялық және академиялық қызметкерлерінің ұтқырлығын жетілдіруге және нығайтуға; оқытушылардың, магистранттардың, доктаранттардың және әкімшілік персоналдың академиялық ұтқырлығын жақсарту бойынша стратегия мен практикалық басшылықты даярлау, мадениетаралық байланыстарды орнату және нығайту.

Жоба үйлестірушісі және грантқа өтініш беруші CASEU – University of Barcelona

Жобағақатысушылар:

Орталық Азия университеттері:

Karaganda state medical university,Қазақстан;

Al-Pharabi Kazakh National University,Қазақстан;

Samarkand Agricultural Institute,Өзбектан ;

Urgench state university ,Өзбектан.

Еуропа одағының университеттері:

University of BarcelonaИспания ;Universite de Poitiers, Франция; Radboud University Nijmegen, Нидерланды; Universidade do Porto, Португалия;Universitat Politecnica de Valencia, Spain.

Қауымдастырылған серіктестер:

Campus France, Франция

Adam Mickiewizc University in Poznan, Польша

Associacio Catalano de Universitats Publiques, Испания

Academy of science of Uzbekistan:  Institute of Fine arts, Испания

Academy of science of Uzbekistan: Institute of Fine arts, Узбекистан

2014 жылдың қазан айының 23-24-інде Испанияның Барселона университетінде CASEU жоба серіктестерінің алғашқы өкілдік кездесуі болды. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен оқу-әдістемелік жұмысының директор орынбасары А.С.Нургалиева аталмыш кездесудің қатысушысы және үйлестірушісі болды. Осы ресми кездесуде Орталық Азия және Еуропа бірлестігі университеттерінің өкілдері қатысты.

Кездесудің бірінші күні консорциум университеттері үйлестірушілерінің CASEU жобасының қатысушысы – ЖОО-ларының таныстырылымдарын тамашалау болды.

Орталық Азия университеттерінің қатысушы университет ретінде жобаның қаржылық механизмі, материалды-техникалық мүмкіндіктері, үміткерлерге грантқа деген талаптарына  қойылған сұрақтары шешілді.

Консорциум қатысушылары арасында келесі бағыттар бойынша міндеттерге бөлінді: сапалы орындалған жобаның орындалуын бақылау, ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету, соның ішінде сайтты қолдау және құрылуы, маркетингтік коммуникация.

Кездесу нәтижесі бойынша CASEU жобасының басшылығы құрылды, web-беттердің логотипі және алғашқы интерфейсі бекітілді, CASEU консорциум серіктестерінің алғашқы меморандумы жиберілді.


0
18944

пікірлер

пікір қалдыру үшін.