Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының. Klinikum Frankfurt (Oder) орындалуы Германия, 19.01.2015ж. – 06.02.2015ж.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының. Klinikum Frankfurt (Oder) орындалуы Германия, 19.01.2015ж. – 06.02.2015ж.

13 Ақпан 2015

Академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы аясында Қарағанды Мемлекеттік медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының «№1 Ішкі аурулар»,  «№2 Ішкі аурулар» және «№2 Хирургиялық  аурулар» кафедрасы факультетінің студенттері  Елеусизова Алина, Абильмажинова Айым және Есенбаева Гулфайрус Германияда  «Klinikum Frankfurt (Oder)» клиникасында, дәрігерУльрих Битцтің жетекшісімен «Онкология/Гематология» және «Сүйек кемігі жасушаларының трансплантациясы» бөлімшелерінде «Онкология/Гематология» бойынша электив курсын өтті. 

Klinikum Frankfurt (Oder) – Польшамен шекаралас орналасқан Франкуфурт Одер қаласындағы үлкен  клиника. Клиникада 30 дан  астам әртүрлі бағыттағы және мамандықтағы бөлімшелер жұмыс істейді: Ішкі аурулар (онкология/гематология, Сүйек кемігі жасушаларының трансплантациясы, гастроэнтерология, пульмонология, нефрология, кардиология, радиотерапия), Хирургиялық аурулар (жалпы хирургия, торокалды хирургия, травматология, нейрохирургия, офтальмология, отоларингология), Акушерлік-гинекологиялық бөлімше (гинекология, босану бөлімшесі), ересектер мен балаларға арналған Психиатриялық бөлімше, Диагностикалық бөлім (радиология, эндоскопия, функционалды диагностика бөлімі), Зертхана. Бұл клиникада стационарлы көмекпен катар амбулаторлы көмек те жүзеге асады.


Клиниканың кіреберісі.

Біз клиникада негізінен «Онкология/Гематология» және «Сүйек кемігі жасушаларының трансплантациясы» бөлімшелерінде жұмыс атқардық, бірақ сонымен қоса бірнеше оталарда  болып, эндоскопиялық, колоноскопиялық, УДЗ процедураларына қатысып, офтальмологиялық бөлімшелерінде де болдық. «Онкология/Гематология» және «Сүйек кемігі жасушаларының трансплантациясы» бөлімшелерінде науқастардан қан алу, трепанобиопсия жасау, суйек кемігі жасушаларының трансплантациясы сиякты жұмыстарды өзіміз атқарып, люмбалды пункция жүргізу, мойындырықты тамырға орталық катетер қою сияқты процедураларына қатыстық. 


«Сүйек кемігі жасушаларының трансплантациясы» бөлімшесіндегі медбикенің  бекеті.



Сүйек кемігі жасушаларының трансплантациясы.

Сүйек кемігінің трепанобиопсиясы.

Клиникада әр күні таңғы конференциядан және таңғы науқастарды қараудан басталып, кейін сол күнге тағайындалған барлық процедураларды орындаумен және жаңа түскен науқастарды қабылдаумен, ауру тарихын толтырумен жалғасып, соңында дәрігер Битцтің «Онкогематология» жайлы дәрістерін тыңдадық.

Клиникадағы қарым - қатынас өте тартымды, барлық дәрігерлер өте қарапайым, әрі мейірімді және ағылшын тілін, кейбіреуі тіпті орыс тілін жақсы меңгерген, сондықтан дәрігерлермен тіл табысуда да, оқу барысында да еш қиындық болған жоқ. 

Біз үшін өткен электив курсы өте қызықты және жемісті болды, маман ретінде қалыптасып және коммуникативтік дағдыларымызды жақсартуға, жаңа білім және практикалық тәлім алуымызға үлкен мүмкіндік берді.

  Біз өз университетімізге және шетелдегі  әріптестерімізге бизге жасалған осындай мүмкіндік үшін шексіз алғысымызды білдіреміз және академиялық ұтқырлық бойынша осындай халықаралық бағдарламаларға қатысу біздің университеттің және студенттердің дамуына үлкен үлес қосады деп ойлаймыз.

Интерндер: Елеусизова Алина, Абильмажинова Айым және Есенбаева Гулфайрус


0
20323

пікірлер

пікір қалдыру үшін.