Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Көңілімнің әуені» гитарашылар сайысы

«Көңілімнің әуені» гитарашылар сайысы

16 Қаңтар 2015

2014 жылдың желтоқсан айында ҚММУ № 1 жатақханасында «Көңілімнің әуені» атты гитарашылар сайысы өткен болатын. Осы сайыста Университетіміздің әр жатақханасынан қатысушыларымыз жиналып, өз өнерлерімен бізді тәнті қылды. Қатысушыларымыздың барлығы бірі-бірінен асқан таланттылар. Осы сайысты өткізу мақсатымыз, студенттердің біріңғай үйреншікті күндерін түрлендіру үшін, сергітіп жаңа күш жинақтаулары үшін өткізген болатынбыз. Меніңше, біз осы сайысты өзіміз күткенімізден де жоғары дәрежеде өткіздік. Себебі, сайыс барысында да, сайыс соныңда да өзіміз де, қатысушыларымыз да жоғары көңіл-күймен, жағымды эмоциялар ғана алған болатын. Қатысушыларымыздың барлығы бір-бірімен бірден тіл табысып, бір-біріне қарсылас ретінде қараған емес. Бір-бірімен білгендерімен алмасып, бір-бірене демеу болып отырды.

Сайыс төрт турдан тұрды: Біріншісі – Таныстыру. Қатысушылар өз қалауы бойынша бір музыкалық шығарма және өздері арнайы шығарған шығармаларды орындады. Екіншісі – Классикалық гитара. Қатысушыларымыз a) 20 ғ. дейінгі классикалық шығармаларды, b) Қазақстанның заманауи гитарашылардың классикалық шығармаларын және с) Өзі тандауы бойынша бір пьеса үш бағытының бірін орындады. Үшінші – Джазды гитара. Қатысушыларымыз жеке өзі немесе басқада инструменталдың демеуімен немесе фонограммамен 1 шығармадан орындады. Және де соңғы төртінші тур – Ансамбль. Өз қалауы бойынша басқа да музыкалық аспаптың қолдауымен қалаған әуенін тамашалатты.

  Айтылып жатқан сайысымызда 3 жатақханадан 6 студент қатысқан болатын. Сайысымыздың бас жүлдесін, яғни гран-при иегері атанған №7 жатақхана тұрғыны – Утегенов Ескендір. Сонымен қатар, I орынды - №6 жатақханадан Жакупов Саят алды. ІІ орын, Алдонгаров Даурен №6 жатақхана,  III орын №6 жатақхана еншісінде кеткен болатын, оны Алтынай және Асем дуэті иеленді. Басқа қатысушыларымыз да шеткері қалған емес, оларға алғыс хаттар мен кішігірім сыйлықтар берілді.

 

Мукарамова Айсулу

ЖМ 2-007


0
19153

пікірлер

пікір қалдыру үшін.