Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біз жарқын болашаққа сенеміз!

Біз жарқын болашаққа сенеміз!

23 Желтоқсан 2014

15 - желтоқсанда ҚММУ акт залында Қазақстан Республикасының 23-жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті. Іс-шара басталғанда сахнаға оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Молотов-Лучанский Вилен Борисович шақырылды. Содан кейін құттықтау сөзін университет ректоры, профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы айтты. Салтанатты ашылудан кейін Раушан Сұлтанқызы университет қызметкерлерін марапаттады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығымен (10.12.2014ж. №305) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуіне байланысты және көпжылдық адал еңбегі үшін

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі»төсбелгісімен марапатталды:

Алимханова Роза Сейткалиевна – ҮКДФ №1 хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»төсбелгісімен марапатталды:

Турсынов Нуртас Исатаевич – ҮКДФ нейрохирургия және невропатология кафедрасының меңгерушісі

«Еңбек ардагері» медалімен

Мустафина Файза Хамзиевна – молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының аға оқытушысы 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуіне байланысты және денсаулық жүйесінде жеке үлесі, мінсіз еңбегі үшін

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

Бектурганов Закир Закарьянович – ұйымдастыру-экономикалық жұмыстары жөніндегі проректоры

Евневич Анна Михайловна – физиология кафедрасының доценті

Толеубеков Куатбек Куанышбекович – жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуіне байланысты және денсаулық жүйесінде жеке үлесі, мінсіз еңбегі үшін

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің Алғыс хатымен марапатталғандар:

Любченко Марина Юрьевна – психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі

Айдосов Марат Рахимович – бала жасындағы стоматология кафедрасының ассистенті 

Казиева Макпал Омиртаевна - оқу-әдістемелік жұмыс департаменті оқушылар контингентін есептеу бөлімінің бастығы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен (20.11.2014ж. №19) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуіне байланысты және көпжылдық адал еңбегі үшін

«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін»төсбелгісімен марапатталғандар:

Турмухамбетова Анар Акылбековна – ғылыми жұмыс жөніндегі проректор

Муравлёва Лариса Евгеньевна – биологиялық химия кафедрасының меңгерушісі 

«Білім беру ісінің құрметті кызметкері»төсбелгісімен марапатталған:

Долгополов Александр Борисович – Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған:

Койчубеков Берик Кенжебаевич – медбиофизика және информатика кафедрасының меңгерушісі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталған:

Ломан Надежда Филипповна -  Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы 

Қарағанды облысының Әкімінің Құрмет грамотасымен Қазақстанның жаңа қоғамын құру ісіне жеке шығармашылық үлесі мен қоғамдық-саяси өмір облысына белсене қатысқаны үшін марапатталғандар:

Терехин Сергей Петрович – тамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі

Тусупбекова Майда Масхаповна – патологиялық анатомия және сот медицина кафедрасының меңгерушісі

Қарағанды қ. Әкімінің Құрмет грамотасымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуіне байланысты және белсенді еңбегі мен қоғамдық қызметі, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына жеке үлесі үшін марапатталғандар: 

Бажаков Казбек Бажакович – эксплуатациялық жұмыс департаментінің директор орынбасары

Култанов Берикбай Жукенович – молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі 

Қарағанды облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

Жексембаева Саркен Орынбасаровна - №1 ішкі аурулар кафедрасының доценті 

Жолдыбаева Гульфайруз Абылаевна – визуальдық диагностика кафедрасының ассистенті

Серикова Гульмира Бергентаевна - №2 балалар аурулары кафедрасының ассистенті

Седач Надежда Николаевна – мейірбике ісі курсының аға оқытушысы

Искаков Ернар Бокенбаевич -  ҮКДФ жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ассистенті

Ибрагимов Спартак Магомедович  -  №1 хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті, «Хирургия» мамандығы бойынша 3 жыл оқитын резиденті 

Жиналған көрермендерді  қызықты концерттік бағдарлама күтті – «Қыз сезімі» биі, «Татар биі» («Қаракөз» шығыс билері халық ансамблі), «Егемен Қазақстан» әні (Мұқан Қуаныш – ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының тыңдаушысы), «Гүлдер вальсі» («Голден степ» би театрының солитері Юрий Фоменко және Екатерина Майборода), «Қазақ жастары», «Мен қазақпын» әндері (Тажигулов Медеу – ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының тыңдаушысы), «Тәуелсіздік – тұғырым!» өлеңі («Жыр Жаухар» студенттік авторлық-поэзиялық клубы), «Елім» әні («Жастар жұлдыздары» фестивалінің лауреаты Тулеев Айдар).

Көрермендер залы әртістерді ду шапалақпен қарсы алды. Іс-шараға келген университет қызметкерлеріне концерттік бағдарлама ұнады.


0
23137

пікірлер

пікір қалдыру үшін.