Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Туған тілім - таусылмайтын байлығым.

Туған тілім - таусылмайтын байлығым.

19 Желтоқсан 2014

Заманымыздың ақиық ақыны, Қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жазғандай:«Туған жерім-түп қазығым айбыным, туған тілім-таусылмайтын байлығым». Бұл сөздер туған тілдің, туған жердің әр адам үшін маңызы мен қажеттілігін көрсетеді. Біз, қазақ жастары үнемі өз атымызға лайықты болуға тырысамыз.

Біздің университет қабырғасында өткен апта туған тілге құрмет аптасы- «Таза тіл апталығы» деп атап өткізілді. Осы апталық барысында ЖОО қызметкерлері мен студенттерінің қатысуымен әртүрлі іс-шаралар өтті.

№1 Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету кафедрасы да мұндай маңызды шарадан  тыс қалмауды дұрыс көрді.

Кафедра қызметкерлерінің бастауымен «Жалпы медицина» факультетінің 5-008 және 5-028  топ студенттері «Туған жерім - болашағым» тақырыбындағы плакатты дайындады. Оны студент Қадыр Дана (5-028 ЖМ) таныстырды, сонымен қатар қазақ тілінің тарихына бағышталған «Туған тілім» атты өз шығармашылығының туындысын оқыды.

Қазақ тілім-абыройым, тірегім,

Ақ сүтіммен сүйегіме сіңгенім!

Жер сілкінген, ел толқыған заманда,

Ұлт сақтаған сен рухани діңгегім!

Уақытында хан да болдың, қор болдың,

Кезі келіп, маңдайыңда сор болды,

Ал қазіргі тарихыңның дәуірі,

Кемелденген, аяландың, қорғалдың!

Қасқалдағы желтоқсанның мен едім,

Тәуелсіздік қалағаным, керегім.

Сенің өлмес тарихыңды қорғаумен

Мәртебеңді көтерумен келемін.

  Қадыр Дана, 5-028 гр.

№1 Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету кафедрасы


0
18461

пікірлер

пікір қалдыру үшін.