Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жұқпалы аурулар: қазіргі кездегі шанайылық

Жұқпалы аурулар: қазіргі кездегі шанайылық

26 Қараша 2014

2014 жылдың 31-қазанынан 3-қараша аралығында жұқпалы аурулар Халықаралық қоғамымен (ISID) ұйымдастырылған Жедел және тез таралатын жұқпалы аурулар және оларды бақылау (IMED) бойынша 5 халықаралық кездесу өтті. Қазіргі уақытта пайда болған жұқпалы аурулар бүкіл әлем жұртшылығының назарында. Конференция аясында қауіп келтіретін, қазіргі заманауи эпидемиямен, пандемиямен және биотерроризммен байланысты сұрақтар кең көлемде айтылды. Эмоциялық пікірталас барысында қазіргі эпидемиямен күрестің медициналық, этикалық және саяси аспектілері талқыланды. Басты мәселе Эбола қызбасы эпидемиясын тежеу және оның географиясының кеңеюі бойынша Африка елдерінің мүмкіндіктеріне қатысты ерекше назар аударылды. Конференцияның ғылыми бағдарламасына инфектологияның, эпидемиологияның және антибиотикорезистенттіктің жаһандық мәселелеріне бағытталған үлкен постерлік сессия кірді, онда 100-астам баяндама ұсынылды.

Бұл ғаламдық мәселе, сонымен қатар жоғары дамыған және өндірістік елдерге, сондай-ақ дамушы елдерге де қатысты болып табылады. Постерлік сессия аясында ұжымдық пайдалану зертханасының меңгерушісі, профессор И.С. Азизов және «Медицина» мамандығы бойынша 3-оқыту жылының докторанты Е.А. Юхневич баяндамаларымен қатысты. Қазақстан Республикасында G.intestinalis дәрілік тұрақтылығы және M.tuberculosis  көптеген тұрақтылық механизмдерінің, энтеробактериялардың кең спектрлі бета-лактамазалар эпидемиологиясының  мәселелері бойынша ұсынылған баяндамалар шетелдік әріптестердің қызығушылығын оятты. Шетел әріптестерімен кулуарларда баяндамаларды талқылау барысында ҚММУ ұжымдық пайдалану зертханасының шетел ғылыми орталықтармен қызметтестік аясында жаңа ғылыми жобаларды дамыту болашағы қарастырылды. Докторанттың конференцияға қатысуы грант есебінен жүзеге асырылды, соған байланысты университет басшылығына, яғни университет ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетоваға және балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, профессор Р.Х.Бегайдароваға орасан зор ризашылдығымды білдіремін.

Оқытудың 3 жыл докторанты Е.А. Юхневич


0
19015

пікірлер

пікір қалдыру үшін.