Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық СТУДЕНТТЕР күнімен!

Халықаралық СТУДЕНТТЕР күнімен!

18 Қараша 2014

Студенттер күні мерекесі  қарсаңында біздің университетімізде университет студенттерінің нышаны пайда болды. Ол «Түз суыры». Неге осы аң деген ой туындай ма? Біріншіден, суырлар қазақ даласының бірінші ізбасарлары, екіншіден бұл аң туралы халық арасында аңыздар көп тарауда. Ал енді 19-ғасыр ортасында қазір Қарағанды қаласы орналасқан жерде көмірдің ең алғашқы қазбасын қалай тапқанын ойланыңыздар. Бас қатыруға тура келеді. Сол уақыттарда тас жанармайын табуға дала суыры өз септігін тигізгені аян. Суырлар тас көмірінің маңайында қыстағанды ұнатады және оған жете бере тереңірек енеді. Қазылған қоқыс (соның ішінде көмір) сыртқа лақтырылады, осының салдарынан, әрине, тас көмірінің бар екені аңғарылады.

Ал Сіздер бұл мереке не себептен туындағанын білесіздер ме?

Халықаралық студенттер күні дәстүрлі түрде 17-қараша күні аталынып өтіледі. Бұл мерзім Бүкіләлемдік студенттер конгресінің шешімі бойынша Прага қаласында 1946 жылы бекітілді. Бұл естелік мерзім жайдан-жай тағайындалған жоқ. Ол 1939 жылы осы күні фашистер қолынан қаза тапқан чехиялық студенттерге арналған. Чехославакияның білім жылдығына арналған бейбітшілік шеру соңында жиналған адамдарды массалық жаулап алудың алдын алумен аяқталды, соңында осы себептен медициналық факультетінің студенті Ян Оплетал қаза тапты. Кейінірек студент жаназасының қарсылық акциясына ұласуы салдарынан 1200 студент тұтқындалып, концлагерьге қамалып, тоғыз белсенді студент өлім жазасына жіберілді. Нәтижесінде Гитлердің шешімімен Чехославакияның барлық оқу орындары соғыс аяқталғанша жабылуы тиіс болды. Халықаралық студенттер күні- ол елге, оқу орынына және факультетке бөлмей барлық  студенттерді біріктіру мерекесі.

Құрметті студенттер, Жалпы медицина және стоматология факультетінің қызметкерлері Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, оқуда жетістік және шығармашылық табыс тілейді.

Ал, құттықтау сөзіміздің соңында «Жалпы медицина» факультетінің 1-044 тобының студенті Сәрсекей Гүлден шығарған өлең жолдарын ұсынамыз:

Студенттер

Студенттер, болашақ жас мамандар,

Арманына талпынған сан тағдырлар,

Жалындаған жүрекпен мақсат қойып

Білім қуып бөлмеге қамалғандар.

Студенттер, аптыққан пәк көңілдер,

Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер,

Үйлеріне жиі айтатын сәлемдері

«Ақша сал», «жетпей жатыр», «сап жеріңдер».

Студенттер, жігері толы жандар,

Бастарына тек кітап жастанғандар,

Талпыныспен ұстазға ұнағандар

Сүрінгендер, кей жерде құлағандар.

Оқуына кей уақыт үлгере алмай,

Қайтадан тапсырам деп жылағандар.

Не дегенмен студент шақ қайталанбас,

Өтеді де кетеді қайта оралмас.


Такуадина Алия Ибрагимовна

Жакентаева Макпал Сабитовна

Жалпы медицина және стоматология

факультетінің декан орынбасарлары


0
19536

пікірлер

пікір қалдыру үшін.