Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қош келдің, «Бірінші курс 2014»!

Қош келдің, «Бірінші курс 2014»!

14 Қараша 2014

 Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Бірінші курс 2014» спартакиадасы өз мәресіне жетті. Кешегі оқушылар, бүгінгі университет студенттері спорттың 7 түрі бойынша жарысты. Бірінші күні баскетбол, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ бойынша мықтылар анықталды. Ал волейбол, үстел теннисі және ату бойынша жеңімпаздар жарыстың соңына қарай анықталды.

  Спартакиада жарыстарында университеттің бірінші курс студенттері, 200-ден астам спортшылар қызығушылықпен қатысты. Қатысушылар ардақты қатысушылар қатарына кірмей қалған студенттер өз командаларын трибунада тұрып қолдады. Спорт клубының құрылуына байланысты университетімізде спорттың дамуы жаңа жоғарғы жетістіктерге жеткендігін айтып өту қажет. Дене шынықтыру кафедрасының жұмысын байланыстыра отырып, бастаушы университ спортшылары және дене шынықтыру белсенділерімен тығыз байланыста жұмыс жасай отыра, дер кезінде жоо басшылығын спорттың дамуындағы мәселелерге назар аударта отырып, ҚММУ спорт клубы Қарағандының студенттік спорт көшбасшыларының қатарына қосуды мақсат етті.

  Жарыс барысында қазылық жұмысты жүргізу, жарыстарды өткізу дене шынықтыру кафедрасының жаттықтырушы-оқытушы  ұжымының рөлі айрықша.

  Спартакиаданың бас төрешісі Ф.А. Батировтың айтуы бойынша осындай жарыстар жас, талантты және дайындалған спортшылардың шығуына, олардың ішінен әртүрлі спорт түрлері бойынша университеттің құрамасының құралуы үшін қажет.

  Спорттық қызу жарыстың қорытындысында жалпы командалық есепте жиналған 53 ұпаймен бірінші орынды медицина колледжінің бірінші курстары алды (айтпақшы, спартакиаданың ең белсенді командасы).  51 ұпаймен екінші орынды ЖМ-3 Стомфак, алғашқы орындарды қайта санау нәтижесінде (2 қарсы 4) күміс ЖМ-3 командасына, қола стоматологиялық факультеттің спортшыларына бұйырды.

  Жарыстың жеңіпаздары және жүлдегерлері грамоталар алды. Спартакиада чемпионы медицина командасына салтанатты түрде жалпы командалық есептегі ауыспалы кубогы табыс етілді.

 

М.Сүлейменов. СӨӨБК ақпарттық сектор.

 

«Бірінші курс 2014» спартакиадасының қорытынды кестесі.

 

Орындар

 

  Факультеттер

  1 орын

  2

орын

  3

орын

  4

орын

  5

орын

  6

орын

Ұпайлар

1

Медициналық колледж

1

2

3

1

2

-

53

2

ЖМ-3

(156-191 топ)

4

1

2

-

-

-

51

3

Стоматология

2

-

1

5

1

-

51

4

ЖМ-1

(101-127 топ)

1

2

2

2

-

-

44

5

ЖМ-2

(128-155 топ)

1

3

1

-

-

-

35

6

Кәсіптік медицина, биология және фармация

-

1

-

-

1

1

14


0
18630

пікірлер

пікір қалдыру үшін.