Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жылдың 23-қазанындаТ.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің базасында Эразмус + Қазақстанда бағдарламасының Ақпараттық күні өтті

Жылдың 23-қазанындаТ.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің базасында Эразмус + Қазақстанда бағдарламасының Ақпараттық күні өтті

31 Қазан 2014

Шараның ұйымдастырушылар Эразмус+ Қазақстанда бағдарламасының ұлттық кеңсесі, Қазақстандағы Еуропалық Одағының өкілеттігі және Еуропалық Комиссияның білім беру, аудиовизуалды құралдар мен мәдениет жөніндегі агенттіктің қолдауымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болды.

Ақпараттық күннің мақсаты – Қазақстанның жоғарғы оқу орындарын және басқа да қызығушылық танытқан ұйымдарды Эразмус+ Конкурсының шаралары мен шарттары туралы ақпаратпен, топтау рәсімі, ұлттық және аймақтық басымдылықтар туралы таныстыру, сонымен қатар Эразмус+ бағдарламасының шараларына қатысуға ниет білдіргендерге практикалық кеңестер беру.

Эразмус+ Ақпараттық күнінің қатысушылары

·  Жан Луи Лаврофф (Jean-Louis Lavroff) – Қазақстан Республикасындағы Еуропалық одақтың өкілі, Техникалық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі

·  Ройшен Мак-Кейб (Roisin Mc-Cabe) – Еуропалық Комиссияның білім беру, аудиовизуалды құралдар мен мәдениет жөніндегі агенттіктің бағдарламалар жетекшісі (ЕАСЕА)

·  Михаель Яуманн (Michael Jaumann) – Алматыдағы DAAD ақпараттық орталығының директоры

·  Досбол Жарылгасов – жобалардың үйлестірушісі, British Counsil, Алматы

·  Шайзада Тасбулатова –Эразмус+ Қазақстанда бағдарламасының үйлестірушісі.


Эразмус+ (ERASMUS+) БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Эразмус+- 2014 және 2020 жж мерзімдегі Еропалық Одақтың білім беру, оқыту, спорт және жастар саясаты саласындағы жобаларды, ынтымақтастықты, академиялық ұтқырлықты қолдауға бағытталған жаңа бағдарлама.

Бағдарлама туралы толық ақпаратhttp://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/index_en.htm  сайтында қолжетімді.

Эразмус+ бағдарламасы білім беру және оқыту жүйесін жаңғырту мен тұрақты дамытуға одан әрі көмектесу, жастар саясаты мен спортты дамытуды демеу, сонымен қатар кәсіби дағдыларды және адамдардың жұмысқа тұру мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған. Жаңа бағдарлама адам әлеуетін дамытуға инвестицияларды айтарлықтай арттыруды қарастырады.

Жаңа атауының астарында 2007-2013 жж. болған бағдарламаларды біріктірілген бағдарламаға жинақтау, атап айтқанда өмір бойғы Білім беру «Жастар әрекетте» бағдарламасы (Эразмус, Леонардо да Винчи, Комениус және Грюндтвиг), ынтымақтастық туралы бес бағдарламасы (Эразмус Мундус, Темпус, Альфа, Едюлинк) және өндірістік-дамыған елдермен ынтымақтастық туралы бағдарламасы. Осы Еуропалық Одақтың негізгі басымдылықтарының бір тұтастыққа біріктіру Бағдарламаның құрылымын оңтайландыруға және болашақта гранттарға өтінімдер тапсыру процесін жеңілдетуге, қаржылық құралдарды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға, бар бағдарламалардың фрагменттерінің қайталануын азайтуға мүмкіндік береді.



0
18788

пікірлер

пікір қалдыру үшін.