Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
“ЭРА РЕЕК денталды имплантологиясында жаңа инновациялық технологиялар” тақырыбында өткізілген мастер –класс

“ЭРА РЕЕК денталды имплантологиясында жаңа инновациялық технологиялар” тақырыбында өткізілген мастер –класс

30 Қазан 2014

2014 жылдың 23 қазаныңда хирургиялық стоматология кафедрасында  “ЭРА РЕЕК денталды имплантологиясында жаңа инновациялық технологиялар” тақырыбында профессор Франк Шпан қатысуымен, стоматологтар және стоматологиялық бағыттағы студенттерге мастер класс өткізілді.

Ол сүйектің жоғары дәрежелі резорбциясы бар науқастарға  жаңа имплантация және сүйексіз аугментациясыз дереу протез жасау әдістерін клиникалық. тұрғыда енгізуіне зор еңбек сіңірді. Доктор Шпан имплантология облысында жүзден астам патентке ие болып, дүние жүзінде  изоэластикалық материал негізінде РЕЕК импланттардың әзірлеушісі.

  Мастер-класс үш бөлімнен тұрды: лекциялық курс изоэластикалық материал курсына кіріспе және теоритикалық бөлімді қамтыды. Клиникалық  жағдай және РЕЕК импланттардың практикалық тұрғыдан енгізулуі қаралды. Келесі бөлімде мамандарды оқыту, материалдарға кіріспе, РЕЕК импланттарды емдеу хаттамасы және пласстмассалық модельде практикалық дағдыларын өтеуі қаралды. Үшінші бөлім операциялық блоктан тұрып, операция бойы дәрісхада бейнетрансляция жасалып, соңынан киникалық жағдай талқыланды.

Мастер-класс мамандардың үш дәрежелі деңгейде оқытылуы көзделді.

Бірінші деңгейде  изоэластикалық материалдарына кіріспе және олардың жақ бет хирургиясында қолданылуы, импланттармен жұмыс істеу оқытылуы және науқасқа операуия жасау арқылы көрсетілуін көзделді.

Екінші деңгейде жақ бет импланттарына кіріспе және олардың жақ бет қалпына келтіру  хирургиясында  қолданылуы қарастырылды. Үшінші деңгейде РЕЕК импланттарға протез жасау әдісі оқытылу және жақ бет патологиясымен науқастарды қайта қалпына келтіру үрдістері қарастырылды.

Дайындықтың әр кезеңі бір-бірімен тығыз байланыста болып, бірін бірі толықтырып  оперативті кірісудің күрделі деңгейін жоғарылатады. Композитті импланттардың физикалық және химиялық қасиеттері  жақ бет сүйектеріне ұқсас болып келеді.


0
18899

пікірлер

пікір қалдыру үшін.