Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жатақхана чемпиондары

Жатақхана чемпиондары

30 Қазан 2014

Ерубаев көш., 32 мекенжайы бойынша орналасқан футбол алаңында спорт секторына жауапты Бексұлтан Сұлтанбектің (2-032 топ) жетекшілігімен ҚММУ спорт клубы «Денсаулық Фестивалін» мерекелеуге арналған шағын-футбол бойынша турнир ұйымдастырылды. Турнирге жеті команда қатысты: «Молния”,”Техас”, ”Звезда”, ”Қыран”, ”Ленгер”, ”Легион” және ”Алаш”.

  Сенбінің жайма жуақ күнінде «алтының» студенттері рахаттанып футбол алаңында қай команда мықты екенін анықтады. Матчтың финалында  «Молния» (капитаны-Дулат Алмат) қажырлы күресте 5:1 шотымен «техастықтарды» ұтып кетті және ауыспалы кубокты жеңіп алды. Екінші орынға, тиісінше «Техас » (капитаны-Абдулазиз Анарбаев) командасында және жеңімпаздардың үштігін «Звезда» командасының тату ұжымы жапты.

Дәстүрлі түрде турнирдің үздік ойыншылары марапатсыз қалған жоқ: «Үздік қақпашы» номинациясында құнды сыйлық бірінші курс студенті Асхат Мурзалиевқа табысталды, «Үздік  қорғаушы» болып Расул Сәрсенбек тағайындалды, ал «Үздік  шабуылшы» чемпионадардың капитаны Алмат Дулат болды.

  Ойындар аяқталарында барлық қатысушылар ұйымдастырушыларға турнирді керемет ұйымдастырғаны, табыс еткен сыйлықтары үшін алғыстарын білдірді, сонымен қатар ҚММУ спорт клубына осындай старттарды жиірек өткізуге тілектерін айтты. 

  Бексұлтан Сұлтанбек

СӨӨБК спорт секторына жауапты

  ҚММУспортклубы


0
18755

пікірлер

пікір қалдыру үшін.