Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ТМД елдеріфизиологтарының IV құрылтайы

ТМД елдеріфизиологтарының IV құрылтайы

28 Қазан 2014

XXII қысқы олимпиада ойындарының астанасы Сочи қаласында «Дагомыс» қонақ үйі базасында 2014 жылдың 8 мен 12 қазан аралығында ТМД елдері  физиологтарының IV  құрылтайы өтті.

2003 жылы Дагомыс құрылтайы конференциясында ТМД елдерінің  физиогиялық қоғамдық одағын құру туралы қабылданған шешімі, ТМД елдерінде физиологтарды біріктіру үдерісін бастауына, қатысушы-елдердің физиологтарының қайта құрылуы мен ынтымақтастықтарының нығаюына, оқу орындарында физиологияның оқытылуы және физиология ғылымының тиімдірек дамуына әкелді. ТМД елдері  физиологтарының IV  құрылтайының жұмысына  ТМД елдерінен, сонымен қатар АҚШ, Германияның, Францияның, Италияның, Австрияның т.б. барлығы 1432 делегат қатысты. Қазақстан Республикасынан 11 қатысушы, оның 10 - адам мен жануарлар физиологиясы институтынан Алматы, 1 - ҚММУ-нен.

Құрылтай жұмыстарындамаған «Оқу үрдісіндегі физиология. Физиологяны оқыту» симпозиум төрағасы ретінде Ресейдің атақты жетекші физиологтарымен, қалыпты физиология оқулықтарының авторлары профессорлар С.М. Будылинамен, В.П.Дегтяревпен, А.Д. Ноздрачевпен бірлесіпқатысу мүмкіндігі тудыжәне ауызша оқыған баяндамам «Қазақстан Республикасында қалыпты физиологияны оқытудың инновациялық тренді», ТМД елдеріндегі медициналық оқу орындарының аудиториядағы оқытушыларында үлкен қызығушылық туғызды. ТМД елдерінің  физиологтарының IV  құрылтайының ғылыми тақырыбы қазіргі заманғы физиологияның әртүрлі мәселелерін талдауға негізделді. Физиология – медицинаның теориялық негізі. Форумның ғылыми бағдарламасы дәл осы адам денсаулығымен тікелей байланысты, жасушалық және молекулалық физиологияның әртүрлі мәселелерін талдауға ұсынылған негізде құрылды. Кейінгі жылдары генетиканың, иммунологияның, молекулалық биологияның, нанобиологияның, цитологияның қарқынды дамуынан, тұтас ағза функциясының реттелуін зерттейтін интегративті физиологияның дамитыны белгілі болды: жасушалық физиологиясыз бүгінгі күнде ғылымды елестету мүмкін емес, ағзаның қызмет етуінің бұзылуынан мұндай жұмыстар маңызын жоғалтады.

Құрылтай бағдарламасына отандық классикалық физиологтардың рухына арналған актілік дәрістер енгізілген, пленарлық сессиялар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, стендік баяндамалар ұйымдастырылып, жас ғалымдар байқауы өткізілді. Актілік меморальды дәрістер Ресейдің физиологиялық мектептерінде жетекшілік ететін академиктермен оқылды:

- И.П. Павлов атындағы дәріс«Физиологическая генетика регуляции функций» (Реттеуші функцияның физиологиялық генетикасы) (Л.Н. Иванов, Новосибирск)

- И.И. Мечников атындағы дәріс «Механизмы развития локального и системного воспаления»(Локальды және жүйелі қабынудың даму механизмдері) (В.А. Черешнев, Екатеринбург)

- дәріс«В.Н. Черниговский:вклад в решение фундаментальных научных и организационных проблем отечественной физиологии» (В.Н. Черниговский: Отандық физиологияның ғылыми фундаменталды және құрылымдық мәселелерін шешу)(А.Д. Ноздрачев, Санкт-Петербург)

- О.Г. Газенко атындағы дәріс «Физиологические эксперименты и исследования на животных в полетах автоматических космических аппаратов» (Физиологиялық тәжірибелер және автоматты космостық аппараттар ұшу кезінде жануарларға зерттеу жүргізу) (Е.А. Ильин, Москва)

- П.Г. Костюка атындағы дәріс «Молекулярная физиология зрения» (Көрудің молекулалық физиологиясы)(М.А. Островский, Москва). Физиолог классиктерінен бүгінгі күнге дейін байланысы бақыланған, мазмұны бойынша жарқын дәрістер толы залды жинады,  аудиторияға үлкен қызығушылық туғызды және ТМД физиологтарының ІV съезінің ең «қызғылықтысы»  болып табылды.

Жетекші ғалымдармен ұсынылған физиология саласындағы барлық симпозиалды, пленарлы дәрістерді атап өту қиын (олармен құрылтайдың ғылыми жұмыстар жинағынан танысуға болады). С.К. Судаков «Взаимодействие центральных и периферических отделов нейрохимических систем, разделенных гематоэнцефалическим барьером» (Нейрохимиялық жүйелердің орталық және перифериялық бөлімдердің әрекеттесуі, гематоэнцефалитикалық барьермен бөлінген) (НИИ П.К.Анохин атындағы қалыпты физиология Москва). М.В.Угрюмова «Роль химических сигналов в регуляции развития, функционирования и интеграции организма» (Дамуды реттеудегі химиялық сигналдардың ролі, ағзаны функционирлеу және интеграциялау) (Биологиялық даму Институты Москва).А.Л.Зефирова «Мембранный холестерин в функционировании возбудимых струкур» (Қозғыш құрылымдарды функционирлеудегі мембраналық холестерин) (КГМУ, Казань).

Қорытындылай келе, бұл құрылтайдағы ғалымдардың, академиктердің, ТМД елдеріндегі ғылыми мектептердің, таяу және қиыр шетелдердегі ғалымдардың ғылыми деңгейлерінің ерекше жоғары екендігін атап өткен жөн. Мұндай масштабтағы форумдарға қатысу, ТМД елдеріндегі физиологтардың құрылтайы сияқты, өзіндік физиологияны оқытуда кәсіби тәжирибені байытуға мүмкіндік береді, заманауи физиологияның соңғы жетістіктері тұрғысынан, бірлескен ғылыми зерттеулердің жаңа шығармашылық жоспарларын белгілеу, Қазақстан Республикасының Қарағанды мемлекеттік медицина университеті көшбасшы болып табылатынын тағы бір рет дәлелдеді. Физиологияда мемлекет аралық шектеу жоқ және тілге тәуелсіз, барлық физиологтар бір ғылыми тілде – физиология тілінде сөйлейді.

Физиология кафедрасының меңгерушісі, профессор  Ф.А.Миндубаева



0
19199

пікірлер

пікір қалдыру үшін.