Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Үндістаннан келген студенттер Дивали ұлттық мейрамын атап өтуде...

Үндістаннан келген студенттер Дивали ұлттық мейрамын атап өтуде...

28 Қазан 2014

Үндістан – мейрамдар елі.

  Қазанның 23-нен 28-ші жұлдызына дейінгі аралықта дүние жүзінің үнді халқы өздерінің ұлттық мейрамдарының ішіндегі негізгісі – «От фестивалі» атымен де әйгілі Дивали мерекесін тойлайды. Ертеде аталған мейрам күзгі астық жинаумен тұспаланса, қазіргі таңда бұл мейрамды жаңа жыл мейрамы деп те атайды.

  Дивали – махаббат пен мұрат-мақсаттарға жету мейрамы. Дивали мейрамының мән-мағынасын, шығу тарихын ұғыну үшін, үнді халқының аңыз-әңгімелеріне үңілу қажет. Сол аңыздардың бірінде, 14 жыл бойы қуғынға ұшыраған Рама өз туған қаласы Айодхьюға қайтып оралады. Қала тұрғындары бұл қуанышқа арнап «гхи» мен от шамдарын жағып тойлаған, осыған орай бұл мерекені «от шамдары тізбегі» деген мағынаны білдіретін

Дипавали немесе Дивали мерекесі деп аталып қалған.

  Үнді халқы Дивали мейрамын шулы, әрі көңілді етіп тойлағанды жақсы көреді: олар бес күн бойына қайырымдылықтың зұлымдықты жеңуі құрметіне арнап от-шамдарын жағып, бір-біріне тәттілер мен сыйлықтар тарту етіп, береке-ырыс құдайына табыну арқылы мерекелеуді  дәстүрге айналдырған.

Осы тұста  біздің оқу ордамыз ҚММУ үнді студенттері де қалыс қалмады: 2014 ж. 24-қазанында университетіміздің акт залында Үндістаннан келген үнді студенттері мен университетіміздің көркем өнерпаздар үйірмесі студенттерінің ат салысуымен үлкен мерекелік шоу ұйымдастырылды.

  Бұл мерекені өзінің жылы лебізімен ҚММУ ректоры

Р.С  Досмағамбетова ашты. Ол үнді дәстүріне байланысты от шамдарын тұтатып, тіпті үнді студенттерін ұлттық жаңа жыл мейрамдарымен хинди тілінде құттықтады.

Бұл керемет іс-шараның қонақтары түрлі түспен әрленген үнді костюмдері,  хинди тілінде шырқалған көңілді әуендері мен ұлттық және заманауи билерінің куәгерлері болды. Мереке залы достық пен қонақтардың тән-тамаша сезімдегі әсеріне толы болды. Бұл мереке студенттер ғана емес, оқытушылар үшін де жарқын көңіл-күй сыйлап, көңілдерінде үлкен әсер қалдырды.


0
21777

пікірлер

пікір қалдыру үшін.