Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Әскери-дәрігерлік сараптама бойынша мамандардың біліктілігін арттыру

Әскери-дәрігерлік сараптама бойынша мамандардың біліктілігін арттыру

27 Қазан 2014

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің үздіксіз кәсіби дамыту факультетінде, әскери кафедра базасында әскери бөлімшелер мен Қазақстан Республикасы қарулы құрылымдарының емдеу мекемелері әскери-дәрігерлік комиссияларының (ӘДК) бастықтары (төрағалары), орынбасарлары мен дәрігер-мамандарына арналған  «Әскери-дәрігерлік сараптама өткізудің ерекшеліктері» циклы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілді. 

Аталған цикл бойынша біліктілікті арттыру жылына 2 рет (сәуір мен қазанда) өткізіледі. Онда жыл сайын Қазақстан Республикасы қарулы құрылымдарының әскери-дәрігерлік комиссияларының мамандары өздерінің кәсіби білімдерін жетілдіреді.

Біліктілікті арттырудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мен басқа әскерлері және әскери құрамаларының әскери қызметшілеріне әскери-дәрігерлік сараптаманы сапалы өткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, әскери қызмет пен әскери жиындар кезінде алған жарақаттар, аурулар байланысы мен алған жарақаттардың ауырлық дәрежесін анықтап, әскери қызметке денсаулық жағдайы бойынша жарамдылық санатын білікті анықтау.

Бағдарлама ӘДК мамандарының кәсіптік қызметінің негізі бағыттарын қамтып көрсететін  оқу материалын мазмұндауға құрылған және келесі құрылымдық элементтерден тұрады:

- өздігінен әрекет етуге жоғары дайындықты қамтамасыз ететін қызметтік міндеттерді орындау бойынша кәсіптік білім жүйесі;

- Қазақстан Республикасының заңнамалық және құқықтық нормативтеріне сәйкес қызметтік міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін құқықтық білім жүйесі;

- басқару шешімін сауатты қабылдауды игеру мүмкіндігін беретін басқару әрекеті бойынша білім жүйесі.

Сабақтарды әскери кафедра бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, медицина қызметінің полковнигі А.М. Мұхаметжанов және кафедра оқытушылары медицина қызметінің отставкадағы полковнигі С.А. Ионов, медицина қызметінің отставкадағы майоры М.Қ. Әбдіхалықов, медицина қызметінің подполковнигі Б.С. Асқаров өткізді.

Әскери-дәрігерлік сараптама циклының ерекшелігі, оның әскери-дәрігерлік сараптама өткізу сұрақтарын реттеуде анағұрлым жетік және кешенді түсінік беріп және ведомстволық актілерге сілтемелік нормалары аз болып, кейбір жағдайларда нормаларды әртүрлі түсіндіру мен құқықтық белгісіздіктен құтылуға мүмкіндік береді.


0
19373

пікірлер

пікір қалдыру үшін.