Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақша сөйлейік!

Қазақша сөйлейік!

24 Қазан 2014

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекеттік тіл –ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс» - деп атап өткендей, Қазақстан өзінің тәуелсіздік туын тіккелі бері, мемлекеттік тілдің елімізде жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді.

  Осыған орай 17 қазан күні «Нұр Отан» партиясы ғимаратында Қарағанды облысы «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен «Қазақша сөйлейік» жобасы аясында «Таза тіл» фото-көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге Қарағанды мемлекеттік медицина университеті атынан СӨӨБК-нің құқықтық-патриоттық тәрбие жөніндегі сектор студенттері (Ж. Рүстембекқызы, М. Зияддинова, А. Дәрмен, Ж.Шахтаева, С. Парманқұлова, М. Мәденова) және «Жыр  Жаухар» клубының мүшелері (Д. Сәбит, Н. Серікбол, Ш. Хаутай) қатысып қайтты.

Көрмеде 40-қа жуық орфографиялық қателері бар қазақ тілді жарнамалар ұсынылған. Одан басқа, акция кезінде ұйымдастырушылармен жастардың қазақ тілін меңгеру деңгейін аңықтау мақсатында келушілер арасында экспресс-сауалнама өткізілді. Жаранама берушілер жарнаманың визуалды жағына көңіл аударады: дизайн, түс, әрлеу, бірақ ең маңыздысы – мағынасы туралы ұмытады. Жарнама хабарландырудың сауатты құрылған мәтіні – сәттіліктің кепілі. Жарнаманы пайдаланатын әрбір кәсіпкер ақпарат тікелей жарнама берушінің имиджіне әсер ететінін түсінуі тиіс. Дұрыс құрылмаған сөйлем, бұрыс пунктуация, грамматикалық қателер әлеуетті сатып алушылардың  жарнама беруші, жарнамалайтын тауар туралы жағымсыз пікір туғызуы мүмкін.

Мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау әрбір азаматтың борышы.

Рүстембекқызы Жансая,

СӨӨБК

құқықтық-патриоттық тәрбие жөніндегі сектор жетекшісі

5-019 ЖМ тобының студенті


0
18867

пікірлер

пікір қалдыру үшін.