Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттерге арнау

Студенттерге арнау

22 Қазан 2014

   Жылдан жылға, әр күз сайын, мыңдаған талапкерлер Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің табалдырығын аттайды. Сондай әр түрлі, бірақ ішкі дүние сезіну бойынша кешегі оқушыларға ұқсас, ал қазіргі кезде бірінші курстықтар, оларды бір сөз біріктіреді – студенттер. Алайда, сценарий тек таңдаулыларға белгілі «Студенттерге арнау» арнайы рәсімді өткеннен кейін студент бола алатынын біріншікурстықтардың қайсысы болса да біледі. Студенттерге арнау – әрбір біріншікурстыққа естен кетпес оқиға, кішілерге ұлы құпияшылдық және жоғарыкурстықтарға нағыз мереке.

  Он жетінші қазанда Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Студенттерге арнау - 2014» салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік концерт біздің жоо-ның белсенділері мен жоғары курс студенттерімен ұйымдастырылған. Талапкерлердің көп санына байланысты іс-шара үш ағымға бөлінді.

  Сағат 11-де, таңғы ағымды «Конферансье» үйірмесінің жүргізушілері Кабдушева Айжан және Онбай Саламат ашты. Біріншікурстықтарды құттықтау және сынақ кітапшасын тапсыру үшін сахнаға оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Вилен Борисович Молотов-Лучанский шақырылды. Насихат сөздерін айтып профессорлық-оқытушылар құрамы шықты. Жалын жебеуші әйелі белгілік білім алауын үздік студенттерге тапсырды.

  Концертік бағдарламаны «Қыз сезімі» биімен «Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблінің қыздары ашты. Содан соң көрермендерді «Price tag» әнімен Диана Бекмурзаеваның, «Аңсағаным» әнімен Нұрлыайым Байназар және  «Golden Step» би ұжымының вальсін тамашалады. Көрермендерге жақсы көңіл-күйді «Красавчики» командасының тапқыр жігіттері мен сүйкімді қызы қамтамасыз етті.

  Екінші ағымды жаңа жүргізушілер жұбы Александр Макаров пен Айгүл Джетибаевамен ЖМ факультетінің деканы Қуатбек Қуанышбекұлы Төлеубеков және «Қара жорға» биімен «Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблінің қыздары ашты. «Аққуымсың» әнімен Нұрсұлтан Бірлік пен Ерсултан Исайын құрамындағы дуэт шықты. «Golden Step» ұжымының қатысушылары испандық биін көрсетті, ал «Этюд» шоу-балет қатысушылары «The memory of Michael Jackson» композициясын орындады. Концерттік бағдарламаны «На восток Эдема» әнімен Анастасия Хусаинова жапты. 

  Үшінші ағымның қабылдауын Азами Расулова, Қолғанат Нұртай және Ғазиза Марат үш тілде жүргізді. Концерттік бағдарламаны дәстүрлі түрде «Махаббат сыры» биімен халықтық шығыс билер ансамблінің қыздары ашты. «Here I am» әнін ағылшын тілінде Диана Сағынова орындады. «Сұранамын» композициясын Айдар Тулеев орындады, бірақ кештің хиты, көрермендердің толық эмоциялар толқынын қозғаған «Golden step» ұжымының орындауындағы үнді биі болды. Ескіден келе жатқан дәстүр бойынша концерттік бағдарлама «Гаудеамус» студенттік гимнінің орындауымен аяқталды.

  Студенттерге арнау барлық көрермендерге және қатысушыларға жақсы көңіл-күй, күлкілер және көп позитив сыйлайтын біздің жоо-ның жақсы дәстүрі болды!

  Азами Расулова

«Конферансье» үйірмесі, 3-083 ЖМ


0
22465

пікірлер

пікір қалдыру үшін.