Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жоғары медициналық білімі бар қызметкерлер үшін практикалық дағдыларды бағалау.

Жоғары медициналық білімі бар қызметкерлер үшін практикалық дағдыларды бағалау.

01 Қазан 2014

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті 2014 жылдың 26 тамызынан 3 қыркүйекке дейін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, сонымен қатар «Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу Ережелерін бекіту туралы» бұйрығы негізінде, жоғары медициналық білімі бар жұмыскерлері үшін, олардың кәсіби дайындығын анықтайтын және мамандар біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіби стандарттың талаптарына сәйкестігін растайтын Практикалық дағдыларды бағалауды сәтті енгізді.

Практикалық дағдыларды бағалау үшін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті мамандарынан, облыстың Денсаулық сақтау басқармасының мамандарынан, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің профессорлық – оқытушылық құрамынан, практикалық денсаулық сақтау мамандарынан тұратын комиссия құрылды. Сонымен қатар комиссия құрамына емтихан алушылар – Бағалау өткізу үшін арнайы оқудан өткен, тәуелсіз аккредиттелген сарапшылар кірді.

Практикалық дағдыларды бағалауды енгізу мақсаты халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту болып табылады.  

Практикалық емтихан Қарағанды мемлекеттік медицина университеті базасындағы оқу-клиникалық (жаттығу) орталығында өткізілді. Әрбір талапкер төрт клиникалық станцияда, шынайы жағдайға максималды түрде ұқсастырылған муляждар мен манекендерді қолдана отырып, өзінің жедел медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсету керек: жүрек-өкпе реанимациясы, асқынған коронарлы синдром, жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу және коникотомия.  Жоғары білікті санатқа талапкерлер үшін жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу станциясы клиникалық-зертханалық талдауларды түсіндіруге ауыстырылды.

2014 жылдың 3 тоқсанында біліктілік санатын беру үшін 138 талапкерге Практикалық дағдыларды бағалау өткізілді, оның ішінде 87 маман Бағалаудан сәтті өтті. 


0
20400

пікірлер

пікір қалдыру үшін.