Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстандық мәліметтер халықаралық конгрессте жария етілді

Қазақстандық мәліметтер халықаралық конгрессте жария етілді

01 Қазан 2014

2014 жылғы 5-9 қыркүйекте Вашингтон қаласында Антибиотиктар мен антимикробты  химиотерапия бойынша (ICAAC) халықаралық конгресс өтті. Біздің «Molecular and Epidemiologial features of MRSA in Kazakhstan» тақырыбындағы баяндамамыз конференцияның бағдарламасына енгізілді. Біздің жүргізген ғылыми зерттеулеріміздің нәтижелері халықаралық мамандар тарапынан қызығушылық туғызды, себебі Қазақстандағы  MRSA эпидемиялық клондарының таралуы туралы мәліметтер халықаралық деңгейдегі форумда алғаш рет жария етілді. Сонымен бірге Орталық Азия  антибиотикорезистенттіліктің әлемдік картасында үлкен «ақ таңдақ» болып қалуда және біздің университетте жүргізілген зерттеулер осы проблемалық мәселені шешуге бағытталған. 

Мұндай конгресстерге қатысу мамандар үшін өздерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік берумен қатар, осы саладағы әріптестерімен танысуларына, тақырыпты талқылаулары мен жоспарлауларына жол ашады. Конгресстің еркін форматы Karen Bush, Keith Klugmann, Fernando Baqueiro, Patrice Nordman, David Makhintosh, David Livermore (біздің  постерлеріміз қатар ілініп тұрды және микробиология мэтрімен көршілес болу соны серпін берді) сияқты клиникалық микробиология мен антимикробты химиотерапияның аты аңызға айналған әлемдік танымал тұлғаларын көру мен лекцияларын тыңдауға кәсіби жауаптар алуға мүмкіндік береді. Ресейден, Ұлыбританиядан, АҚШ-тан, Франциядан келген біздің байырғы достарымызбен жарқын жүздесулер барысында ағымдағы жобалар мен болашақтағы жоспарлар жан-жақты талқыланды.

И.С.Азизов,

м.ғ.д., проф.

ҚММУ ұжымдық пайдалану

 зертханасының меңгерушісі

       


0
20102

пікірлер

пікір қалдыру үшін.