Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Жол ашар!!!

10 Қыркүйек 2014

Қыркүйектің бірінші сенбісінде ҚММУ-да «Жол-ашар» атты бірінші курс студенттеріне арналған дәстүрлі спорттық-интеллектуалды мерекесі өтті.

  «Жол ашар» - бұл бірінші курс студенттеріне almamater-мен  танысу, университет және колледж құрылымын білу, кафедралар және бөлімдер орналасуымен танысу, сонымен қатар топта жұмыс істеу дағдыларын ұштастыру мақсатында жыл басында дәстүрлі өтетін, ойын элементтері бар интеллектуалды ойын.

  Осы жылы викторинаға ҚММУ және медициналық колледж студенттері қатарынан 40 топ қатысты. Барлық топтарға жол парақшасында көрсетілген ең көп станцияларды табу, және міндетті түрде станцияға толық құрамда келіп, дұрыс жауаптар үшін максималды «жұлдыздар» санын жинап сұрақтарға жауап беру керек.

  Викторина қорытындылары бойынша әділ-қазылар жеңімпаздарды жариялады және барлық топтар арасында орындарды бөлді:

  ҚММУ студенттері арасында:

1.  «Тек қана қыздар» (мейірбеке ісі және биология)

2.  «Болашақ-1» (жалпы медицина)

3.  «Адреналин» (медициналық-профилактикалық іс)

ҚММУ медицина колледжі студенттері арасында:

4.  «Жас қыран» (емдеу ісі)

5.  «Адреналин» (емдеу ісі)

6.  «Айболит» (мейірбеке ісі)

Одан басқа, «Ең жақсы ұран» номинациясында жалпы медицина және стоматология факультетінің «Сұңқар» тобы марапатталды және «Ең жас қатысушылар» номинациясында «Дәрумендер» (емдеу ісі) колледж командасы жеңді.

  Викторина барлық қатысушыларға көп жағымды эмоциялар және ұмытылмас әсер сыйлап спорттық жарыс рухында өтті.

Мақпал Қадырова 

ҚММУ өзін-өзі басқару Комитетінің

төраға орынбасары 


0
20626

пікірлер

пікір қалдыру үшін.