Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Гүлденген елде өмір сүру және жаңалықтар ашу

Гүлденген елде өмір сүру және жаңалықтар ашу

31 Шілде 2014

Осылай облыстық маслихат депутаты, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова жалпықазақстандық мәдениет мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдің қорытындысын жасады.

  Этносаралық келісім негізінде жалпықазақстандық мәдениетті қалыптастыру аспектілері мәдениет мекемелерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін, ҚММУ оқытушыларының басын біріктіретін, партиялық кураторы Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова сараптамалық топ кездесуі аясында талқыланатын тақырыпқа айналды. Дөңгелек үстел басында ғылымдар, БАҚ өкілдері, тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері, студенттік топ кураторлары жиналды.

  Раушан Сұлтанқызы өзінің кіріспе сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауыннан үзінді келтірді «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі біздің бітімнің, рухани келісімнің айрықша мәдениетінің жоғары қағидаттарынан арқаулық табады».Модератор Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында ұлт Көшбасшысы қалыптастырған базалық принциптер жөнінде еске салды.

Пікірталасты ҚММУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Құдайберген Абайұлы Темірғалиев ашты.

 Ол өз сөзінде қазақстандық идеяның маңызды мазмұны ретінде мәдениет түсінігіне ерекше көңіл бөлді. Философия ғылымдарының докторы Алма Шаимқызы Мырзабекова «қазақстандық мәдениет» түсінігіне әлеуметтік-саяси дискус тұрғысында тоқталды. Тақырыпты «Болашақ» Қарағанды университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Балқия Түсіпбекқызы Рыспекова жалғастырды. Ол этносаралық келісімді қалыптастырудың тарихи-мәдени аспектілерін ұсынды. Журналистер Светлана Магай және Елена Келлер толеранттылық және этносаралық келісім мәселелерін БАҚ жарыққа шығару сұрақтарын көтерді.

 Бұқаралық ақпарат құралдарының жастармен, интернет-аудиториямен жұмыс, идеялық арандатуға қарсы әрекеттің жаңа жолдарын іздеу қажеттігін айрықша атады.

  № 5 орта мектептің ресурстық орталығының физика оқытушысы Раиса Ивановна Никулина оқушыларда толеранттылық және этносаралық келісім көзқарасын қалыптастыру бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты.

  Қарағанды облысы әкімдігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы секретариатының меңгерушісі Мария Бирканатовна Алеева республика азаматтарының бейбітшілігі мен тыныштығы, 

құқықтары мен еркіндігінің кепілдігі болған Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың айрықша рөлі туралы пікірін білдірді.

  Кездесу қорытындысын жасай отырып, Р.С. Досмағамбетова ұлттық бірлік пен үйлесімді этносаралық келісім елдің саяси және экономикалық дамуына ықпалын жасайтынын айтты. Біздің мақсатымыз бейбітшілік пен келісімде, гүлденген Қазақстанда өмір сүру және жаңалықтар ашу.


0
21189

пікірлер

пікір қалдыру үшін.