Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«АИТВ -инфекциясының анықталуы мен емдеуінің маңызды сұрақтары»туралы мастер - класын өткізу

«АИТВ -инфекциясының анықталуы мен емдеуінің маңызды сұрақтары»туралы мастер - класын өткізу

06 Маусым 2014

19-23 мамыр 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы мен ҮКДФ деканаты «АИТВ - инфекциясының анықталуы мен емдеуінің маңызды сұрақтары» тақырыбына мастер-класс өткізілді. Мастер - кластың негізгі мақсаты - АИТВ - инфекциясының емі мен анықталуы жаңа әдістеріне жалпы практика дәрігері, педиатрия, эпидемиология және инфекционист дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру. Тыңдаушылар: «№ 1 Емхана» КММ дәрігер - эпидемиологтары, Саран қаласының аймақтық дәрігерлері, Қарағанды қ. № 1 ҚА педиатр - дәрігерлері, Кучек кентінің педиатры, ҚММУ емханасының мейірбикелері, ҚММУ 6 курс дәрігер интерндері. Бірінші күні мастер - кластың ашылу салтанаты және м.ғ.д., профессор, клиникалық жұмыс бойынша және ҮКДФ проректоры Б.Н. Көшерова «Қазақстанда АИТВ/ЖИТС таралуы» тақырыбын қатысушыларға баяндады. «АИТВ -инфекциясының жіктелуі. АИТВ - инфекцияның қазіргі уақыттағы клиникалық ағымы» туралы дәрістер тыңдалды. АИТВ - инфекциясының патоморфологиялық, жас балалардағы морфологиялық ерекшеліктерін патологиялық анатомия және сот медицина кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор М.М. Түсіпбекова баяндады. Сонымен қатар кафедра доценті С.Т. Кизатова: «Балалардағы АИТВ - инфекциясының ағымының ерекшелігі» тақырыбында баяндама жасады. 


Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.А. Ким

АИТВ - ассоцирленген инфекцияның негізгі мәселелеріне тоқталды. 

ҮКДФ жалпы дәрігерлік практика кафедрасының доцентіК.С Оспанова мастер - класта «АИТВ - инфекциясы және жүктілік» мәселесін баяндады және «АИТВ - инфекциясын анықтау. АИТВ - инфекциясына жүкті әйелдерді жедел - анықтау» тақырыбына сабақ өткізілді.

«Таралған АИТВ коинфекциялар: вирусты гепатиттері В мен С» тақырыбына мастер - кластаPhD докторант Н.Е. Сарсекеева семинар өткізді. Сонымен қатар PBL әдісі бойынша профессор М.М. Түсіпбекова «Диагнозды құру қағидалары» тақырыбына, «АИТВ коинфекциясымен науқастың клиникалық жағдайын талқылау» тақырыбына PhD докторант

Н.Е. Сарсекеева тренинг өткізді. Соңғы күнде мастер - кластың қорытындысын шығаруы, мәселелі сұрақтарды талқылау болды. Клиникалық жұмыс бойынша және ҮКДФ проректоры, м.ғ.д., профессоры Б.Н.Көшерова қорытындылап, қатысқан тыңдаушыларға сертификат тапсырылды.


Жалпы мастер - класс кәсіби деңгейде, достық жағдайда өтті, тындаушылар АИТВ - инфекциясын анықтау және емдеудің жаңа әдістері туралы толық ақпарат алды және АИТВ - инфекциясының мәселері бойынша сұрақтарды талқылауда белсенді қатысты.

А.А.Ким., Н.Е.Сарсекеева

Жұқпалы аурулар

   және дерматовенерология кафедрасы

 


0
19702

пікірлер

пікір қалдыру үшін.