Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ магистранттары – ІІ Республикалық Олимпиада жүлдегерлері және халықаралық тағылымдаманың иегерлері!

ҚММУ магистранттары – ІІ Республикалық Олимпиада жүлдегерлері және халықаралық тағылымдаманың иегерлері!

26 Мамыр 2014

2014 жылдың 15-16 мамыр аралығында Алматыда ҚР Тұңғыш Президентінің Қорының көмегімен, халықаралық қатысушылықпен, қоғамдық денсаулықтағы жас ғалымдардың ІІ Республикалық Олимипиадасы өтті. Олимпиаданың ұйымдаструшысы Денсаулық Сақтау министрлігінің - Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі (ҚДСЖМ)болды.

Катысушылар: Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің, ҚДСЖМнің, Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің және Бішкек қаласының ҒӨБ "Профилактикалық медицинаның" магистранттары қатысты.

Біздің университеттен қатысқандар:

-Баелов Айдар, 1 жыл ҚДС мамандығының магистранты

-Бобырев Семен, 1 жыл Медицина мамандығының магистранты

-Култанова Эльмира, 1 жыл ҚДС мамандығының магистранты

Олимпиаданың бірінші күні 3 конкурстан құралды. Алдын ала жереби тастағаннан кейін топтарға жеке нөмір берілді. Ол өз кезегінде әділ-қазыларға кім қандай университтен келгенін білгізбеді. 

Бірінші конкурстта топтар өзінің шығармашылық ерекшелігін "Уақыт таңдауы өз қолымызда" сайысында көрсетті. Екінші "Қоғамдық денсаулық сақтау эрудит"  конкурсында топтар алдын ала университеттер құрастырған эпидемиология, биоэтика, биостатистика, дәлелді медицина пәндері бойынша сұрақтарға жауап берді. Үшінші конкурс - Бастамашылар" топтар шектелген уақыт ішінде біздің медицинаның өзекті мәселелеріне шешім таба алатынындарын көрсетті.

Соңында жүлделі орындар былай бөлінді:

Бірінші орын-Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты

Екінші орын- М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті

Үшінші орын-Қарағанды мемлекттік медицина университеті

ҚР Тұнғыш Президенті Қорының арнайы жүлдесі:Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Олимипиаданың бірінші күні марапаттаумен, құттықтау сөздермен және мерекелік фуршетпен аяқталды.

Келесі күні топтар ҚР Тұнғыш Президент Қорының Спорт сарайында өткен "кошбасшылық" семинарына қатысты. Қызықты тренинг пен ойындардан кейін ұйымдастырушылар командаларға Алматы қаласы бойынша экскурссия жүргізді.


0
21155

пікірлер

пікір қалдыру үшін.