Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ұлы Жеңіс және Отан Қорғаушылар күнін тойлау

Ұлы Жеңіс және Отан Қорғаушылар күнін тойлау

16 Мамыр 2014

Отан Қорғаушылар күні еліміздегі мемлекеттік мерекелер қатарына жатады. Бұл мереке жылда 7-мамыр күні аталып өтіледі. 1992 жылы 7-мамыр күні Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Қарулы күштерді құру жөнінде Бұйрыққа қол қойды.

Ұлы Жеңіс  күні – ұрпақтар есінде мәңгі сақталатын ұлы мереке. Бұл күні бұрынғы Кеңес одағы территориясында Белгісіз Солдат ескерткішіне арнайы шерулер, әскери парадтар мен мерекелік отшашулар ұйымдастырылады. Мереке жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасының клиникалық базасы – Қарағанды қаласының Облыстық жедел медициналық станциясында аталып өтілді.  Екі үлкен, жігер, ерлік, ар мен патриотизм мерекелері  - Отан Қорғаушылар мен Ұлы жеңіс күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 

 Мерекеге Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлері мен Ауған соғысының ардагерлері шақырылды. Концерттік бағдарлама Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны және қаза болған солдаттарды бір минуттық еске алу  үнсіздікпен ашылды.

Жоғарғы оқу орын және ұжым атынан жедел және кідіріссіз медициналық көмек  кафедрасының меңгерушісі А.Р. Алпысова құттықтау сөз сөйледі.  Мерекелік шарада ҚММУ «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс  студенттері белсенді ат салысты. 5-045 топ студенті Сиськова Любовь барлық көрермендердің жүректеріне қонған «Миротворец», «Когда умрет последний ветеран» атты өзіндік шығармашылық өлең жолдарын оқып, әскери уақыттағы «На безымянной высоте» мен «Зажгите свечи» атты әндерді орындады. Шахметов Александр 5-044 топ студенті, «Дакия»  Румындық мәдени қоғамдық бірлестігінің «Доруле» этно-фольклорлы ансамблінің әншісі, ұлттық Румындық әндермен мерекені жандандырды.

Концерт, жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасының қызметкерлерімен дайындалған мерекелік құттықтау слайд-шоу фонында өткізілді.

А.Р. Алпысова,

Жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі


0
19031

пікірлер

пікір қалдыру үшін.