Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықтар достығы – еліміздің басты мақтанышы!

Халықтар достығы – еліміздің басты мақтанышы!

06 Мамыр 2014

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.

Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен ұлттық келісімнің мерекесі.

Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді  сақтау –  Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

  Осы мақсатпен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде 30-сәуір күні жалпы медицина және стоматология факультетінің 1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен, Халықтар достастығы Күніне орай «БІРЛІК» акциясы өтті. Акция барысында әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған университет әкімшілігі, студенттері мен оқытушылары, ата-аналар  алдын-ала дайындалған көгілдір мата бетіне түрлі-түсті түймелер тігіп, «1» деген таңбаның суретін бейнелеп, жасап шықты. Бұл – бірлік пен ынтымақтың, ауызбіршіліктің символы іспеттес. Көгілдір мата болса, ашық аспанның бейнесі ретінде келтірілді. Акция кезінде студенттер түрлі ұлт өкілдерінің билерін билеп, ән шырқап, көңіл көтерді. Ал акцияны «БІРЛІК АРҚАНЫ» атты арқан тартыс ойыны жалғасын тапты. Екі топқа бөлінген  студенттер қауымы арқан тартысып, мәз-мейрам болды.

Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр -

демекші,баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Жалпы медицина және стоматология факультетінің

1 курс декан орынбасары  Д.Т. Оспанова

ЖМ  1-054 тобының студенті  А. Зеленый 


0
19304

пікірлер

пікір қалдыру үшін.