Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
МЕДИЦИНАНЫҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

МЕДИЦИНАНЫҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

30 Сәуір 2014

«Медлига» ІІ республикалық дебат турнирінде ҚММУ командасы медициналық жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындары арасында бірінші және екінші орынды жеңіп алды.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің «Намыс» пікірталас клубының командалары осы турнирде Линкольн – Дуглас форматы(бір ойынша) бойынша І және ІІ орындарға ие болса, Америкалық парламент форматында (командалық ойын) ІІ орынды жеңіп алды. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат – Бір мүдде – Бір болашақ» тақырыбына арналған турнирді. С.Ж.Асфендияроватындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің дебатшылары ұйымдастырған.  Оған республиканың қазақ лигасының отыздан аса командалары қатысты. Олардың арасында Астана мемлекеттік медициналық  университетінің, Семей қаласындағы мемлекеттік медициналық университет пен медициналық колледждің, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық  университетінің, солс ияқты Ақтөбе қаласының медициналық колледжінің, Түркістан қаласындағы Хожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік  университетінің, Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық академиясының, Тараз қаласының медициналық колледжінің, Қарағанды қаласының «Болашақ» университетінің және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің командалары болды.

Алматы  қаласына біздің ҚММУ абыройын қорғауға 5 команда аттанды. Турнир тақырыбы негізінен медицинаның маңызды мәселелеріне арналды. Мысалы, медициналық сақтандыру саласында жаңа тетік құру, балалар эвтаназиясын енгізу қажеттігі, мемлекеттік медициналық мекемелерде шаруашылық құқығын жүргізудің маңызды мәселелері, ақпарат құралдары арқылы тұрғындарды дәрігерлік қателіктер мен олардың зардаптары туралы хабардар ету, медициналық туризмді дамытудың жаңа тетіктерін құру тақырыптары пікірталастарға арқау болды.

«Намыс» пікірталас клубының басшысы, ҚММУ төртінші курс студенті Жандос Рахметов балалар эвтаназиясы тақырыбы төңірегінде өте қызу пікірталастар жүргенін айтты.  Оппозиция мұндай шараны дамуында үлкен ауытқушылық бар балалардың барлығына қолдануды ұсынды. Ал біздің команда мүшелері сал ауруына ұшыраған балаларға ған қолдануды ұсынды. Сол сияқты біздің команда бұл орайда шешімнің эвтаназия нұсқасын ата-аналардың қалауы бойынша қолдану қажеттігін айтты. Біздің дебатшылардың пікірінше, мұндай шараға тек ауру өте қатты меңдеген науқас балаға ғана қатысты қолдануды ұсынды. Мұндай балаларды ұстау мемлекетке милиондаған теңгеге түседі, ал оны жүктіліктің ерте кезеңінде анықтауға болады. Бельгияда балалар эвтаназиясы ресми түрде қабылданған. Осы елде мұндай заң қабылданысымен бірқатар мемлекеттер Бельгия азаматтарының өз елдерінен жетім балаларды асырап алуына тыйым салды. Бізде мұндай мәселе көтерілген емес. Дебатшылар мемлекет тарапынан осындай ауыр науқас балаларға  миллиондаған қаржы жұмсаудың қажеті бар ма, әлде оларға балалар эвтаназиясын қолданған дұрыс бола ма деген сауал төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Бұл тақырып дебатшылардың жақында өтетін халықаралық турнирінде де кеңінен талқыланатын болады. Оған біздің «Намыс» пікірталас клубы да қатысуды жоспарлап отыр.  

Сол сияқты дебат кезінде ҚММУ командасының мүшелері курорттарды қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жарақтау арқылы жергілікті медициналық туризмді дамыту туралы да ойларын ортаға салды. Біздің дебатшылардың ой-пікірлері сенімді және жүйелі шықты. Сондықтан да олар лайықты мараптқа ие болды. Тек Америкалық парламент форматында біздің команда ойыншылары Семей қаласынан келген командаға небәрі бір ұпайға жол беріп, екінші орынға ие болды.

   Елена Келлер


0
21798

пікірлер

пікір қалдыру үшін.