Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ата салтым – асыл қазынам

Ата салтым – асыл қазынам

30 Сәуір 2014

Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жандандыру, мемлекеттік тілді насихаттау және жастарда патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында 2014 жылдың 4 сәуірінде Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің акт залында құқықтық-патриоттық тәрбие жөніндегі секторының ұйымдастыруымен «Ата салтым – асыл қазынам» тақырыбына байқау өткізілді. Сайысқа бес топ өз кураторларымен қатысты. Байқауға кураторларымен бірге бес топ қатысты. Байқау екі бөлімді қамтыды:

  I.  Байқау ережесі бойынша 10 минут регламент ішінде Қазақ халқы әртүрлі салт-дәстүрлерін көрсету (құда түсу, қыз ұзату, шілдехана, бесікке салу және тұсау кесер).

  II.  Қазақ халқының әртүрлі салт-дәстүрлері бойынша сұрақтарға жауап беру.

Барлық топтар жоғары деңгейде өнерлерін көрсетті. Әділ-қазылар мүшелері келесі критерийлер бойынша жеңімпаздарды анықтады:

ØКостюмдер

ØСалт-дәстүрлер көрсету регламенті

ØЖанкүйерлер қолдауы

ØӘртістік шеберліктер

Байқау қорытындылары:

1-орын «Ақжол ауылы», кураторы Сұраған Мая (201 КЛД тобы)

2-орын «Аспантау ауылы», кураторы Абдрахманова Кәмшат Жақсылыққызы (1-046, 1-048 ЖМ топтары)

3-орын «Атамекен ауылы», кураторы Қасымова Бақтыгүл Тілеубекқызы   (1-041, 1-043 ЖМ топтары)

«Көрермендер көзайымы» номинациясымен «Ақниет ауылы», кураторы Милаева Ирина Ивановна (1-070, 1-071, 1-072 ЖМ топтары)

«Ұйымшыл топ» номинациясымен «Шапағат ауылы», кураторы Ижанова Гүлнар Бисенқызы (1-026, 1-029, 1-030 ЖМ топтары)

Сонымен қатар топ кураторлардың да өнерлігі көрінбей қалған жоқ: «Ең үздік куратор» номинациясымен Б.Т. Қасымова марапатталды.  

Сайыстың жоғары дәрежеде өткізілуіне бірқатар студенттер атсалысты, айта кетсек Ж. Рүстембекқызы, Қ. Нартай, Т. Ибрағим, А. Дәрмен, М.Зияддинова, М. Мәденова, О. Назар. Белсенді студенттеріміз мақтау қағаздарымен марапатталды.

СӨӨБК құқықтық патриоттық

 тәрбие жөніндегі сектор жетекшісі

 (4-006 топ ЖМФ)

Рүстембекқызы Жансая


0
20597

пікірлер

пікір қалдыру үшін.