Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жұқпалы ауруларды талқылауға арналған алаң

Жұқпалы ауруларды талқылауға арналған алаң

29 Мамыр 2024

Жұқпалы ауруларды талқылауға арналған алаң

Қазақ ұлттық медицина университетінің тұңғыш ректоры С. Асфендияровтың туғанына 135 жыл толуына және ЖОО-ның 94 жылдығына орай ALMATY INFECTOLOGY халықаралық қатысуымен «Үлкен мегаполистің жұқпалы аурулары» ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Форумға Қазақстанның, Түркияның, Ресейдің, Италияның, Өзбекстанның әртүрлі қалалары мен аймақтарынан келген ғалымдар мен практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері қатысты.

ҚМУ-ін м.ғ.д., профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Р.Х. Бегайдарованың «Қазіргі кезеңдегі қызылшаның клиникалық аспектілері» атты баяндамамен таныстырды.

Жас ғалымдар үшін постерлік сессия ұйымдастырылды, оған жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының докторанты З.Е.Алшимбаева «Қазіргі кезеңдегі балалардағы желшешектің ерекшеліктері» диссертациялық тақырыбының үзіндісімен қатысты (жетекшісі – профессор Р.Х. Бегайдарова).

Форум жұқпалы аурулармен байланысты өзекті мәселелерді талқылау үшін тиімді алаңға айналды. Ғалымдар клиника, жұқпалы ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелерінде тәжірибе алмасты.

Конкурстық комиссияның бағалауына сәйкес докторант З.Е. ӘАлимбаеваға қызықты, мазмұнды жұмысы және оны сапалы ресімдегені үшін 3 дәрежелі диплом берілді. 


0
1468

пікірлер

пікір қалдыру үшін.