Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Президенттің инклюзивті Денсаулық сақтау туралы жолдауын ғылым мен практикада іске асыру

Президенттің инклюзивті Денсаулық сақтау туралы жолдауын ғылым мен практикада іске асыру

27 Мамыр 2024

Алматы қаласында 2024 жылғы 24-25 мамырында «Клиникалық, эксперименттік неврологияның, нейрохирургияның және нейрофизиологияның өзекті мәселелері» атты халықаралық  ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған нерв жүйесі ауруларын диагностикалаудың, терапияның және оңалтудың жаңа әдістерінің және олармен байланысты патологиялық жағдайлардың мәселелерін талқылаған шетелдік спикерлер (Австралия, АҚШ, Ресей, Украина, Молдова, Жаңа Зеландия, Германия, Өзбекстан, Беларусь), сондай-ақ отандық спикерлер қатысты.

Физикалық медицина және оңалту қызметін ұйымдастыру мәселелеріне, жекелеген секциядағы шетелдік және отандық тәжірибе негізінде оңалту саласындағы жаңа диагностикалық стратегиялық және терапевтік тәсілдердің деңгейіне үлкен көңіл бөлінді, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ атынан м.ғ.д., профессор Т.Т. Киспаева «Церебральды инсульт кезіндегі мобильдік оңалту: проблеманың қазіргі жағдайы» атты баяндама жасап, мәселенің қазіргі жай-күйін республика деңгейінде таныстырып, мейіргерлік қызметті реформалау шеңберінде мобильдік оңалтудың проблемалары мен мүмкіндіктерін атап өтті және «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ «Мейіргер ісіндегі оңалту» білім беру бағдарламасының оңалту құзыреттілігі бар академиялық бакалавриат деңгейіндегі мейіргер бейіні мамандарын даярлау арқылы осы мәселені шешудегі маңызды рөлін атап өтті, бұл оңалту саласындағы, әсіресе мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді іске асыратын амбулаториялық буын деңгейіндегі кадрлардың тапшылығын шешуге және Президенттің 01.09.2022 ж. «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету сапасын арттыру туралы Жолдауын іске асыруға ықпал етуге мүмкіндік береді.

Конференция аясында дәстүрлі түрде шетелдік және отандық медициналық жоғары оқу орындарының номинанттары арасында «Жас ғалым» секциясы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы өткізілді. «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ атынан нейрореабилитация тақырыбы бойынша екі баяндама ұсынылды: баяндама «Церебральды инсультпен ауыратын науқастарды роботтандырылған экзоскелет жүйесімен оңалту» докторант М.С. Амирбекова (ғылыми кеңесшілер: проф. Т.Т. Киспаева, доц. Ausra Adomaviciene (Вильнюс. Литва) және м.ғ.м. М.А. Сейтбаева және баяндама «PNF техникасының церебральды инсульттан кейінгі науқастарда сөйлеуді қалпына келтіруге әсері» магистрант Яблонская В.Ю. (ғылыми жетекші проф. Т.Т. Киспаева). Екі баяндаманы да байқау қазылар алқасы жоғары бағалады және 3-ші жүлделі орынға ие болды.«Практикалық денсаулық сақтау саласындағы жоғары жетістіктері үшін» номинациясында магистрант В.Ю. Яблонскаяның «Церебральды инсульттан кейін пациенттерде сөйлеуді қалпына келтіруге PNF техникасының әсері»  атты нейрореабилитация саласындағы жұмысы жоғары бағаланды және марапатталды. (ғылыми жетекшісі проф. Т.Т. Киспаева). Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. 


0
1318

пікірлер

пікір қалдыру үшін.