Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Graz қаласына білім беру туры

Graz қаласына білім беру туры

30 Сәуір 2024

Аралығында Erasmus+ бағдарламасы аясында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан Өкілдерінің Қатысуымен BERNICA Study Tour (Graz Austria) өтті.

Тур 101082831 – BERNICA – ERASMUS-EDU-2022-CBHE "Building Educational and Research Capacities in Nutrition and Dietetics in Central Asia" жобасы ("Орталық Азияда тамақтану және диетология саласында білім беру және зерттеу әлеуетін құру") жобасы бойынша ұйымдастырылды.

Қарағанды медицина университеті атынан профессор Ибраева Ләззат Катаевна, қауымд. профессор Бачева Ирина Викторовна, қауымд. профессор Абугалиева Тлеужан Оразалиевна қатысты.

Bernica Study Tour іс-шараға қатысушыларды FH JOANNEUM-мен таныстырған PhD Manuela Konrad құттықтау сөзімен ашты. Турға қатысушыларды FH joanneum FH-Prof университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі басқарушы директоры қарсы алды. Dr.mont. Corinna Engelhardt-Nowitzki, FH JOANNEUM диетология институтының директоры, олар өз баяндамаларында стратегиялық мақсаттарды, ғылыми жобаларды, оқу бағдарламаларын ұсынды. Осы іс-шара аясында қатысушылар зертханаларға (Health Perception Lab, Food Processing Lab, Sport Science Lab) барып, зертханалардың жетекші мамандарымен диалогқа қатысуға және пікір алмасуға, өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Мастер-класс барысында қатысушылар пәнаралық және мәдениетаралық топтарда жұмыс істеу, қиындықтар мен бенефиттер мәселелерін талқылады; MOOC платформасымен жұмыс істеу бойынша оқытудан өтті; FH JOANNEUM студенттерімен мәдениетаралық ойынға қатысты. Сондай-ақ, қатысушылар университеттің кампустарына барды. Іс-шара қатысушыларға сертификаттар табыстаудың салтанатты рәсімімен және өз жоғары оқу орындарында әзірленген курстарды енгізуді талқылаумен аяқталды.

Bernica Study Tour ұйымдастырушылары PhD Manuela Konrad жетекшілігімен FH JOANNEUM (Graz қ.) қызметкерлері тобы болды.

0
1809

пікірлер

пікір қалдыру үшін.