Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ғылым қызметкерлері күні

Ғылым қызметкерлері күні

17 Сәуір 2024

Ғылым қызметкерлері күні, 2024 жылғы 12 сәуірдеҚарағандымедицинауниверситетінде Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орайластырылған«ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІ: ДӘСТҮРЛЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР»атты жас ғалымдардың жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция пленарлық отырыс пен 4 секциядан құралды. Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті. Конференцияға қатысқан докторант, магистрант, резидент, интерн және студенттер жалпы саны 32 ауызша баяндама мен 15 постерлі баяндамаларды қорғады. Конференция жұмысына 61 білім алушы қатысты.

Пленарлық отырыста медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректор - Тургунов Ермек Мейрамович пен медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Өмір туралы ғылымдар институтының директоры - Клюев Дмитрий Анатольевич алғы сөз сөйледі. Пленарлық отырыста ұйымдастыру комитеті алдын ала іріктеп алған хирургия, эпидемиология, биологиядағы заманауи инновациялық тәсілдерге арналған 6 баяндама қорғалды. Сондай-ақ пленарлық отырыста бүкіл қоғам үшін микроорганизмдердің антибиотикке төзімді штаммдарын іздеудің маңызды мәселесі айтылды.

Барлық секция жұмыстары ойдағыдай өтті. Сонымен қатар, тыңдаушылар мен модераторлар арасында қорғалған жұмыстар қызу талқыланып, жоғары бағаланды.

Конференцияның жабылу рәсімінде әр секция бойынша үздік баяндамаға байқау нәтижелері шығарылды:

·  Пленарлық отырыс қортындысы бойынша үздік баяндама дипломымен 1 курс докторанты - Махатов Бахтияр Канапиевич марапатталды.

·  «Клиникалық медицина»  1-секциясының қортындысы бойынша 6 курс интерні - Бишеханова Айгерім Лазерқызы үздік баяндама дипломымен марапатталды.

·  «Биомедициналық зерттеулер» 2-секция бойынша 2 курс студенттері -Карпова Екатерина Викторовна мен Альжанова Назира Руслановна үздік баяндама дипломымен марапатталды.

·  «Профилактикалық медицина» 3-секция бойынша Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 3 курс студенті – Тлекбай Сабина Қуанышқызы үздік баяндама дипломымен марапатталды.

·  «Постерлі баяндамалар байқауы» 4-секция қорытындысы бойынша 2 курс магистранты - Балгабекова Аружан Бекасыловна үздік постерлі баяндама дипломымен марапатталды.

Жеңімпаздарға 2024 жылдың соңына дейін «Медицина және экология» журналында өзінің 1 мақаласын тегін жариялауға «Сертификат» табысталды.

0
1062

пікірлер

пікір қалдыру үшін.