Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту

26 Ақпан 2024

Қарағанды медицина университетінің АҚШ-пен ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуде. Университетімізге Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің өкілдері келді.

Кездесуде АҚШ академиялық алмасу бағдарламасына және Қарағанды медицина университетіне қатысу «Fulbritgt English teaching assistant» бағдарламасы бойынша ағылшын тілі курстарын (білім алушылар, жас ғалымдар мен ПОҚ үшін) жүргізу үшін оқытушылардың келуі мәселелері талқыланды. Fulbright Specialist Program, Fulbright US scholars, University Partnership Programs, Flex, UGRAD бағдарламалары бойынша АҚШ мамандарымен алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылды. 

Қазірдің өзінде біздің Университет Fulbright specialist Program, Fulbright US scholars және Global UGRAD бағдарламаларына белсенді қатысады. Қазір Fulbright US scholars бойынша Қарағанды медицина университетінде профессор Найля Делелис жұмыс істейді. Ол жоғары оқу орнының докторанттары мен магистранттарына дәріс жүргізеді. Найля Делеллис көптеген жылдар бойы біздің университеттің серіктесі және «Қоғамдық денсаулық сақтау» ББ докторанттарының жетекшісі болды. Ал «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенті Global UGRAD стипендиясының иегері болып табылады және Луизианадағы Хавьер университетінде оқиды.


0
3700

пікірлер

пікір қалдыру үшін.